ҚЎлпыбаев с



бет207/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Жәрдемақы – бұл жұмыстағы уақытша үзiлiс кезiнде, сондай-ақ белгілi бiр жағдайларда пайда болатын көтерiңкi шығындарды өтеуге арнaлған кепiлдік берілген ақшалай өтемақы. Міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде төленетін жәрдемақылардан басқа азаматтар уақытша еңбек қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда, сонымен бірге жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуына байланысты Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жәрдемақыларды кіріктіреді.
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» заңына сәйкес жәрдемақы 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған жәрдемақы алушыларға жәрдемақыны қайта тағайындау Заңда көзделген негіздер бойынша ғана жүргізіледі. Жәрдемақы ай сайын ағымдағы ай үшін және оны алуға құқығы туындаған сәттен бастап жәрдемақы тағайындалған тарттардың сақталуы кезеңінде, Заңда белгіленген мөлшерде төленеді. Жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда, жәрдемақы төлеу әділет органдарында тіркеуден шыққан айды қоса төленеді.
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасынның заңына сәйкес балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар мынадай түрдегі ақшалай төлемдерді: бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржола мемлекеттік жәрдемақыны; бала бір жасқа толған күнді қоса алғанда оның күтімі жөнінде тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны; он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеуші анасына немесе әкесіне, бала асырап алушыға, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны керектелсін.
Алып жүрген мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа еңбек ету қабілетінен айырыл­ған жағдайда әлеуметтік төлемақы өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеумет­тік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлемақы алуа өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан, тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылар қордан төленетін әлеуметтік төлемақыларға құқық туындаған күннен бастап еңбек ету қабілетінен айырылды деп белгіленген барлық кезеңге тағайындалады. Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде белгіленген әлеуметтік аударымдар объекті ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актілерде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендегі орташа айлық мөлшерін табысты ауыстырудың, еңбек ету қабілетінен айырылу мен қатысу өтілінің тиісті коэффициенттеріне*22 көбейту арқылы айқындалады.
Сөйтіп, еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлемақылардың мөлшері орташа айлық жалақысына, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.
Алушы жасына қарай зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа жеткен кезде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайында берілетін әлеуметтік төлемақылар тоқтатылады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерінің құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады және қажетті құжаттар 12 ай мерзім ішінде тапсырылуы тиіс.Ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға (тұлдыр жетімдерге) тағайындалған жәрдемақылар олардың заңды өкіліне (асырап алушыға, қамқоршысына) төленеді.
Оған қоса, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңға сәйкес, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспаған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Оның мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне есептелген кедейлік шегінің айырмасы түрінде есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет