ҚЎлпыбаев с



бет211/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемі бюджеттік қара­жаттар есебінен берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемінің тізбесі әлеу­меттік-тұрмыстық; әлеуметтік-медициналық; әлеуметтік-психологиялық; әлеу­меттік-педагогикалық; әлеуметтік-еңбек; әлеуметтік-мәдени; әлеуметтік-эконо­микалық; әлеуметтік-құқықтық қызметтерді қамтиды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемі психо­нев­ро­логиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектер қатарынан дене немесе ақыл- ой мүмкіндіктеріне байланысты ағзасының функциялары тұрақты бұзылған адамдарға ұсынылады.
Ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген көлемінен тыс ақылы негізде беріледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер ақпараттық, консультациялық, делдалдық қызметтер түрінде жалпы сипаттағы қызметтер беруді кіріктіре алады.
Мемлекеттік секторда жұмыс істейтін субъектілер жалпы сипаттағы қызметтерді бюджет қаражаттары есебінен береді. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беру арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және анықтау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер айқындайтын қиын өмірлік жағдаяттағы адамның (отбасының) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігін бағалау және анықтау негізінде жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалауды және анықтауды жүргізу кезінде мыналар критерийлер болып табылады: өмірлік қызметтің шектелімі; әлеуметтік бейімделім; әлеуметтік депривация; қолайсыз әлеуметтік орта және басқалары.
Кепілденілген көлемнен тыс берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілденілген және қосымша көлемін беру аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі негіздемесінде жүзеге асырылады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді беретін субъектілерді қаржыландыру:
Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен бюджеттік қаражаттардың;
ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді бергені үшін алынған қара­жат­тардың;
Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін өзгедей көздердің есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстанда рыноктық қатынастардың кеңеюі қоғамда тез жіктелуді және халықтын әлеуметтік-мүліктік жіктелуін тудырды. Мұны жақсы қамтамасыз етілген және нашар қамтамасыз етілген үй шаруашылықтарының делдалдық топтарын салыстыра отырып көруге болады. Үй шаруашылығы қимасында табыстылықты талдау жиынтық табысты, соның ішінде оның ақшалай емес және натуралдық нысаныңда да бөлудін және пайдаланудың демографиялық, өңірлік және ішкі отбасылық факторларын есепке алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстарына тұрған жері (қала немесе ауылдық жер), сондай-ақ саны, соның ішінде отбасындағы балалардың саны үлкен әсер етеді.
Қазақстанда халықтын бір бөлігі кедей болып қалуда. Кедейшілік – бұл негізгі өмірлік (биологиялық) қажеттіліктерді – тұрғын үйді, тамақты, киім-кешекті, қызметтерді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз ақшалай және натуралдық табыстардың төменгі деңгейі. Ел кедейшілігінің көрсеткіші деп экономикалық әдебиетте ең төменгі тұрмыс деңгейінен төмен болатын табысы бар халықтын үлес салмағын айтады.
Үй шаруашылықтарының бюджеттерін тексеру кедейшіліктің көпбейінді сипаттарының болатынын көрсетеді және тұрғылықты жерімен, әлеуметтік факторлармен, жұмыспен қамтылу мәртебесімен, білім деңгейімен және басқаларымен айқындалады. Кедей үй шаруашылықтарының үлесі қалаға қарағанда ауылды жерде жоғары. Әлжуаз және өте кедей үй шаруашылықтары – бұл үш және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар.
Қазақстан Республикасында кедейшілікті төмендету бағдарламасы азаматтарды жұмыспен қамту, орта жалпы білімге және денсаулық сақтау қызметтеріне жетушілікті жақсарту, әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыру және басқа іс- шараларды іске асыру жолымен кедейшілік проб­лемасын шешудің кешенді тәсілдемесін қарастырады.
Қазақстанда табыс тұрғысынан кедейшіліктің біртіндеп қысқаруы байқалуда. Алайда оның деңгейі әлі де жоғары болып отыр.
Азық-түлік себетінің құнынан төмен табыстары бар халықтын үлесі 2001 жылы 16,1%-дан 2007 жылы 1,4%-ға дейін қысқарды. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 2001 жылы айына 4546 тенгеден (31 АҚШ долларының) 2005 жылы 7618 теңгеге (57,8 долларға) дейін және 2007 жылы 9653 теңгеге (78,7 долларға) дейін көбейді. Алайда бұл көбею (2,1 есе) 58,2%-ға осы жылдары қордаланған инфляциямен (158,2%), ал долларлық баламамен өлшеу кезінде қосымша доллардың орташа жылдық бағамының 16,4%-ға төмендеуімен жабылды. Сөйтіп, 2008 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері – күніне 2,5 доллар БҰҰ критерийі бойынша күніне 1 долларлық табыстармен өлшенетін кедейшіліктің төменгі шегінің белгісінен асып түсті, бірақ айтылған мөлшер Бүкіләлемдік банктің тиісінше арттырылған критерийінен (күніне 4 доллар) төмен.
Сонымен бірге әлеуметтік реформаларды одан ары терендету бағдарламасына сәйкес халық­тын тұрмыс деңгейін жақсарту жөнінде бірқатар іс-шаралар іске асырылды: жалақыны көбейту, әсіресе айтарлықтай дәрежеде бюджет сферасы жұмыскерлеріне және мемлекеттік қызмет­шілерге; мүгедектердің барлық санаттарына, жасына байланысты жәрдемақылар алушыларға мемлекет­тік әлеуметтік жәрдемақылар; асыраушысынан айырылған отбастарына қолдау көрсету; қосымша базалық зейнетақы төлемдерін енгізу; көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы­ларды арттыру; баланы бір жасқа дейін қарауға жәрдемақылар тағайындау; балалардың, жас өспірім­дердің, жүкті әйелдердің бір қатар санаттарын дәрілермен ақысыз қамтамасыз ету.
Кедейшілікті қысқартуға ең төменгі күнкөріс деңгейімен салыстырғанда табыстардың деңгейін арттыру, жұмыссыздықты қысқарту және жеткілікті арнаулы әлеуметтік көмек көрсету әсер етеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі бар табыстар ара қатынасы мен кедейшілік арасындағы корреляция тығыз – 0,9 деңгейінде болатынын есеп-қисаптар көрсетіп отыр. Кедейшілікті жою үшін халық табыстарының орташа деңгейін көтеру қажет.
2011 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 15999 теңге болып белгіленген.
Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың төртінші тоқсанына арналған кедейшілік шегі Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 %-ы мөлшерінде анықталған.
Ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер көзделген.
Жұмыссыздықты қысқарту да кедейшілікті қысқартуға әсер етеді. 2010 жылы Қазақстан экономикасында жұмыспен қамтылғандардың саны 8,1 миллион адамға жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты, жұмыссыздық 0,7 пайызға төмендеп, 483,5 мың адамды немесе 5,5 пайызды (2009 жылы – 6,3 пайыз) құрады. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасына сәйкес елде кедейшіліктің деңгейін 6 пайызға дейін төмендету, ал жұмыссыздықтың деңгейін 5.5 пайыздан асырмау міндеті қойылып отыр. Есептер бойынша, жұмыссыздықты 2,8% деңгейге дейін қысқарту кедейшілікке бұл фактордың әсерін іс жүзінде жоюға жеткізеді, яғни бұл көрсеткіштің мәнділігі біртіндеп төмендейді. Сонымен бірге еңбекке ақы төлеудін рөлі жоғарылайды: кедейшіліктің негізгі себебі – еңбекақының төмен болуы, екінші орында – жұмыстың жоқтығы.
Кедейшіліктің себептерін үнемі қадағалап отыру және жекелеген факторлар­дың оның қысқаруына әсерін бағалау бұл үдерісті басқарылатын етуге жағдай жасайды және елде кедейшілікті қысқарту жөнінде баптық (статьяланған) мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.
Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан 2010 жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-інші орынға көтерілді. Біздің елімізде халықтың орташа айлық жалақысы соңғы он жылда 5 есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Тек 2010 жылы нақты ақшалай табыстар 6,3%-ға, нақты жалақы 7,5%-ға өсті.
Кедейшілік көрсеткіштері динамикасының бірте-бірте төмендеуі байқалынады. Соңғы 10 жылда өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды.
2009 жылы елімізде жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды, жұмыспен қамтылған халықтың үлесі 67,52-ды, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің межелік деңгейі 40%-ды, кедейшілік деңгейі 8,2%-ды құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет