ҚЎлпыбаев с



бет218/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Сақтандыру келісімшарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына келісімшарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) келісімшартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтық ісі және сақтық қызмет, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қоры – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) келісімшарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнама-ларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сыныптаудың критерийлері сақтандырушылар санаттары, сақтық жауап­кершілігінің көлемі және сақтандыруды ұйымдастырудың заңмен белгіленген тәртібі ескерілген сақтандыру объектілеріндегі айырмашылықтар болып табылады.
Сақтық ісін және сақтық қызметін, Сақтық төлемдеріне кепілдік беру қорын ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымының сақтық ісі және сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды кіріктіреді: өмірді сақтандыру; аннуитеттік*24 сақтандыру; өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру; сақтандырушының инвестициялық табысына сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру.
Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек ету қабілетін және жеке басына байланысты өзге мүдделерін залалдан қорғаудың ны­саны, ол жеке басты сақтандыру және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.
Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін не сақтандыру келісімшартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Өмірді сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың жұмыскерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Өмірді сақтандырудың аталған түрлері жолаушыларды сақтандырудан басқасы ерікті нысанда жүргізіледі. Міндетті нысанда сондай-ақ көлік құрал­дары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін, әскери қызметшілердің жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы жұмыскерлері сақтандырылады.
Аннуитеттік сақтандыру – сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде келісімшартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Аннуитеттік сақтандыру келісімшарттары бойынша кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру жағдайы сақтық төлемдердің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
Өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру сақтандырылушының өмірінде алдын ала ескерілген оқиға (неке қию немесе бала туу) басталған жағдайларда тіркелген сомада сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру келісімшарты жарамсыз
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет