ҚЎлпыбаев с


сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы



бет23/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

1.4 сызба. Қаржылық ресурстардың құрамы

ЖАЛПЫ ҚОҒАМДЫҚ ӨНІМ

С

V

m

Материалдық шығындар

Қажетті өнім

Қосымша өнім

Ө З І Н Д І К Қ Ұ Н ( Ш Ы Ғ Ы Н Д А Р )

Амортизациялық аударым-дар

Айналым қара-жаттары

Матери-алдық шығын-дар құрамын-дағы төлемдер

Ұ л т т ы қ т а б ы с

Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)

Таза табыс (пайда)

Халықтан алынатын салықтар

Жанама салықтар (қосылған құн салығы, акциздер, басқалары)

Қарыздар

Ерікті жарналар

Табиғат ресурстары үшін төлемдер

Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер

Баждар, лицензиялар, тіркеу алымдары

Табиғатты қорғау қорларына төленетін төлемдер




Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер

Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (инвестиция-лар, қарыздар, трансферттер, гранттар)

Мемлекеттің қаржылық ресурстарының көзі сонымен бірге мемлекеттік кредит, инвестициялар арқылы тартылған қаражаттар болып табылады.


Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіппен қалыптасады. Орталықтандырылған тәртіппен мемлекеттік бюд­жеттің, зейнетақы қорларының, бюджеттен тыс қорлардың ресурстары құры­лады. Орталықтандырылмаған әдістермен материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ресурстарын, амортизациялық аударымдар қорлары, қаржылық резервтер мен валюталық қаражаттар, шаруашылық органдарының басқа ақшалай қаражаттар қалыптастырылады.
Қаржылық ресурстардың мөлшеріне әсер ететін факторларға мыналар жатады. Қаржылық ресурстарды өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнім­ділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс үдерісінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нәтижесінің өсуіне алып барады. Еңбек өнімділігі мен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші – қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі – таза табыстың өсіміне сөзсіз әсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржылық ресурстарды азайтады.
Екінші фактор – бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну пропорциялары. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал сиымдылығын – төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржылық ресурстардың негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
Қаржылық ресурстардың өсуіне сонымен қатар тұтас алғанда өндіріс құралдарының (инвестициялық тауарлар) өндірісі мен тұтыну бұйымдарының (тұтыну тауарлары) өндіресін кіріктіретін қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық - заттай құрылымы да әсер етеді. Жұртқа мәлім, өндірістік арналымның (қоғамдық өндірістің бірінші бөлімшесі) тауарлары бойынша қосымша өнімнің нормасы тұтыну арналымының – екінші бөлімшенің (акциздерді кіріктіретін және анағұрлым жоғары рентабелділікке ие) тауарлары мен өнімдері бойынша нормаға қарағанда төмен. Бұдан басқа, ұдайы өндірістік циклде тұтыну тауарларының айналымы жылдамырақ болады, мұның өзі уақыттың белгілі бір межелдемесінде, мысалы, есептік жылда бірнеше айналымдардан алынатын ресурстарды қосындылауға (жиынтықтауға) мүмкіндік береді. Сондықтан қоғамдық өндірісте екінші бөлімшенің үлес салмағы мен даму қарқыны неғұрлым жоғары болса, қаржылық ресурстардың мүмкін көлемі соғұрлым көп болуы мүмкін.
Қаржылық ресурстардың мөлшеріне әсер ететін келеңсіз фактор ауқымды сипатқа ие болып отырған шетелге қаржылық активтердің жылыстауы болып табылады. «Капиталдың безінуі» деп аталатынның сан алуан амалдары бар, соның ішінде: шетелдік банктердегі салымдар, ұлттық банктен лицензиялар алмай шетелдік компаниялардың акцияларын сатып алу, меншікті шетелдік компаниялар құру, қымбат тұратын жылжымайтын мүлікті, асыл бұйымдарды және т.б. сатып алу. Қаржылық қаражаттардың едәуір бөлігі Қазақстаннан шетелге жалған контракттар жасасу жолымен сауда операцияларының каналдары бойынша, сондай-ақ импорттық мәмілелердің сомаларын асырып көрсету және экспорттық мәмілелердің сомасын кемітіп көрсету жолымен аударылады. Капитал безінуінің аса көп таралған моделі шикізаттық ресурстарды сатудан кейін мәмілеге қатысушылар арасында бөлісу үшін әлемдік бағалардан арзан етіп ресімдеу болып табылады. Бұлардан басқа безінудің таза қылмыстық амалдары да болады.
Перспективада ақшалай қорланымдар (табыс, қосылған құн салығы, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер қаржылық ресурстардың негізгі көздері болып қалады.
Жекешелендіруден, мемлекет меншігін сатудан түсетін түсімдер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржылық ресурстар олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен ар­наулы төлемдері – роялти, бонустар болып келетін қаржылық ресурстар артады.
Еңбекке ақы төлеудің, тұтыну қорларының одан ары өсуі қаржылық рес­урстар­дың құрамына тартылатын халықтың қаражаттары мөлшерінің өсуіне жеткізеді.
Қаржылық ресурстар көлемі мен құрылымы­ның динамикасының үрдістері рыноктық қатынастарға көшу бағдармаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржылық ресурстарды қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған көздердің үлес салмағын көбейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет