ҚЎлпыбаев с



бет252/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

21.5. Қор биржасы
Қоp биржасы, зандарға сәйкес өзге ұйымдap бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдaстыpaды.
Қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлiк қоғам нысанындағы өзiн-өзi реттейтiн коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзiн-өзi өтеу қағидатына негiзделедi және оның қызметiнен түскен кipicтep биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.
Неліктен екені беймәлім, көп адамдар қор биржасы бағалы қағаздар сатады деп санайды. Іс жүзінде биржа онда сатылатын бағалы қағаздарға иелік етпейді. Қор биржасының өзі ешнәрсе сатпайды және сатып алмайды, эмитенттер (компаниялар) мен инвесторлар (жеке және заңи тұлғалар) брокерлер деп аталатын өзінің агенттері арқылы бағалы қағаздарды сатады және сатып алады, бұл брокерлер өз клиенттерінің тапсыруы бойынша әр түрлі эмитенттердің акциялары мен облигацияларын сатады және сатып алады.
Қазақстанда биржа ісі 1993 жылы 30 желтоқсанда Қазақ банкіаралық валюта биржасын тіркеуден бастап дами бастады. Бағалы қағаздармен алғашқы сауда-саттықтар биржада 1995 жылы 14 қарашада болды. Қазақстан қор биржасы (КАSE) атауын ол 1996 жылдың сәуірінде алды. Биржада мынадай секторлар жұмыс істейді: шетелдік валюталар рыногы, мемлекеттік, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық бағалы қағаздар рыногы, акциялар(мемлекеттік емес) және корпоративтік облигациялар рыногы, деривативтер рыногы.
Қор биржасы:
1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;
2) қоp биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарды енгiзуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қоp биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзгеде қаржылық құралдарға талап қою;
3) қоp биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге қаржылық құралдармен мәмiле жасау мақсатында сауда жүйесiне кipyгe өз мүшелерiне мүмкiндiк беру, осы қаржылық құралдар бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдaстыpy және өткiзу, қаржылық құралдармен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдaстыpy және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты әзiрлеу;
4) өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге қызметтер көрсету;
5) бағалы қағаздар рыногы және өзге қаржылық құралдар мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;
6) банк заңнамасында белгiленген тәртiппен банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыру және қор биржасының iшкi құжaттapындa көзделген өзге функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасы – бұл бірінші кезекте бағалы қағаздардың сатушысы мен оларды сатып алушының бірін-бірі табатын алаңы. Делдалдар ретіндегі биржа мүшелері арқылы бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері жасалады. Негізінде сұраным мен ұсынымның ара салмағы жататын бағалы қағаздарға баға белгілейтін механизм барлық қор биржалары үшін жалпы сипаттама болып табылады.
KASE – әмбебап қаржы рыногы, оны шартты түрде төрт негізгі секторға бөлуге болады: шетелдік валюталар рыногы, мемлекеттік бағалы қағаздар, соның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық бағалы қағаздар рыногы, акциялар және корпоративтік облигациялар рыногы, деривативтер рыногы.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушы­сы болып табылады. Биржадан тыс рынок, әдеттегiдей, тек бағалы қағаздардың жаңа шығарылымдарын қамтиды. Онда көбiнесе облигациялар орналастырылады. Биржада, керiсiнше, бағалы қағаздардың eскi шығарылымдарының, негiзiнен акционерлiк қоғамдардың акцияларының бағамы белгiленедi. Заңнамамен қоp биржаларының ең төмен жарғылық капиталы белгiленедi. Қор биржасы инвестициялық институттар ретiнде қызметпен айналыспайды, бiрақ меншiктi акциялар шығара алады және сата алады, бұл оның мүшелерi болуға құқық бередi.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары және заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржылық құралдармен өзге мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге заңи тұлғалар қоp биржаларының мүшелерi болып табылады. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуы тиiс. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қоp биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржылық құралдардың түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы. Олардың тапсырмасы бойынша бағалы қағаздарды тікелей сатып алу-сатуды брокер мен дилерлер жүзеге асырады.
Қор биржасы заңнамаға сәйкес тiркелiнедi және бағалы қағаздармен биржалық қызмет жүргiзуге Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясында лицензия алады.
Биржа делдалдарының рөлін биржа мүшелері болып табылатын ұйымдар: бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары, бағалы қағаздардан басқа, өзгедей қаржылық құралдармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар заңи тұлғалар орындайды. Қазақстандық заңнаманың талаптарына сай келетін шетелдік заңи тұлғалар биржа мүшелері бола алады.
Биржадағы мүшелік биржа мүшесі сауда-саттыққа олармен қатысу құқығы болатын қаржылық құралдарға қарай бірнеше санатқа бөлінеді. Бір ұйымның биржада бірнеше санаттар бойынша мүшелігі болуы мүмкін. Санаттарға бөлініс былай көрінеді:
1) «Р» биржаның ресми тізіміне кіріктірілген мемлекеттік емес эмиссиялық (соның ішінде шетелдік) бағалы қағаздармен, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарымен және биржада айналысқа жіберілген шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздармен сауда-саттыққа қатысу құқығы;
2) «Н» «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен, сонымен бірге жекешелендірелетін кәсіпорындар акцияларының мемлекеттік пакеттерімен;
3) «К» биржада айналыста жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарымен, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздарымен;
4) «С» биржада айналыста жүрген мерзімдік контракттармен;
5) «В» шетелдік валюталармен.
KASE-дегі сауда-саттыққа ондағы белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі болып табылатын реттеуші органның талаптарына сай келетін бағалы қағаздар ғана жіберіледі.
Қор биржасы Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi агенттiкпен келiсе отырып, саудaға бағалы қағаздарға – листингке рұқсат ету ережелерiн, сондай-ақ оларды – делистингтi саудадан шығарып тастау ережелерiн белгiлейдi.
Қажетті талаптарға жауап беретін бағалы қағаздарды іріктеуді биржаның листингтік комиссиясы орындайды. KASE-де бұл – биржаның құрылымынан тыс бөлімше. Бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды анықтайтын нормативтік құжат листингтік ережелер болып табылады. Оларды қолдану нәтижесінде шешілетін негізгі мәселе – листингтік іріктеу рәсімінен өткен компаниялар қызметінің ашықтығын және олардың қаржылық жай-күйін қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет