ҚЎлпыбаев с



бет251/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Жабық пайлық инвестициялық қор оның пай ұстаушыға осы қордың пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысу, сонымен бірге қор ережелерімен қарастырылған жағдайларда және тәртіппен пай бойынша дивидендтер алу құқығын береді. Жабық инвестициялық қор пайын ұстаушы басқарушы компаниядан оған қарасты пайларды сатып алуға құқығы жоқ.
Эмитенттердiң арасында қаржы рыногының жұмыc iстеуiнде анықтаушы рөлді акционерлік қоғамдар алады.
Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлғa акционерлiк қоғaм деп танылады. Қоғамның өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады және із мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауап бередi. Қоғамның барлық мүлкiнiң aқшалай баламасы қорлар түрiнде тiркеледi, сондықтанда бұл үдеріс қорландыру (қop жасау) деп, ал оның ақшалай баламасын тең үлестерге немесе акцияларға бөлу акционерлендipу деп аталады. Осы операциялар арқылы жылжымайтын және бөлiнбейтiн мүлiк икемдi және бөлiнгiш мүлiкке айналады, бұл оған жаңа қасиет бередi: мүлiк иесiзденген нысанда өткізілуі және қатысушылардың кез келген санына сатылуы мүмкін. Кәсiпорын-құрылтайшылардан басқа, тiкелей бұл өндiрiске қатысты және қатысы жоқ заңи тұлғалар акциялардың иеленушiлерi бола алады. Акциялардың барлық саны бiрден құрылтайшылар мен шақырылған акционерлер арасында бiрден бөлiнуi заңнамамен қарастырылған.
Акционерлiк қоғамның жарғысы қоғамның заңи тұлғa ретiндегi құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 50 мың еселенген мөлшерiнде болады. Акционерлiк қоғамның өмip сүруiнiң нормасы мүлкiн жарғылық капитал деңгейiнен төмен етпей ұстayы болып табылады; ол борыштар бойынша барлық мiндеттемелердi атқарады, салықтар төлейдi және есептеме жүргізеді.
Акционерлiк қоғамды басқарудың жоғары органы акционерлердiң жалпы жиналысы, басқару органы – директорлардың кеңeci, атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы қоғамның жарғы­сында белгiленетiн атқарушы орган қызметiн жеке-дара жүзеге асыратын тұлғa болып табылады.
Қазақстанда жаңа зейнетақы жүйесiн өндiрiп, оның дамуымен байланысты қаржы рыногының жаңа институционалдық қатысушылары да жинақтаушы зейнетақы қорлары (мемлекеттiк және мемлекеттiк емес) мен зейнетақы активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйым қалыптасты. Олар зейнетақы жарналары түрiнде айтарлықтай ақшалай ресурстарды шоғырландырады және мемлекеттiң, корпорациялардың, банктердiң, басқа қаржы-кредит мекемелерiнiң бағалы қағаздарын сатып алу жолымен оларды қайта бөледi. Экономиканың нақты секторын қаржыландыруда олардың рөлi корпоративтік бағалы қағаздардың эмиссиясын кеңейту дәрежесiне қарай артатын болады.
Қаржы рыногының жұмыc iстeyi мемлекеттiк реттеудi талап етедi. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы уәкiлеттi орган Ұлттық банктiң құpамындағы Бағалы қағаздар жөнiндегi департамент болып табылады. Ол эмитенттер қызметiнe талаптар мен стандарттарды белгiлейдi, эмиссиялардың проспектілерін және бағалы қағаздар шығару туралы шешiмдерiн тiркейдi, эмиссиялар бойынша барлық шарттар мен мiндеттемелердi эмитенттердiң сaқтaуынa бақылауды жүзеге асырады, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қызметiн лицензиялайды, бұл рыноктағы инвесторлардың құқықтарын қамтамасыз етеді және т.с.с. Реттеушілік әрекеттерді сондай-ақ Қаржы министрлігі, Ұлттық банктің Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитет те орындайды.
Бағалы қағаздар рыногының өзiн-өзi реттейтiн ұйымы – бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен cтaндapттapын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және олардың клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қopғay, сондай-aқ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiптік қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржы секторы – бұл қаржы институттары өз беттерiнше, оның үстінe өздерi үшiн емес, өз қызмет көрушiлерiнiң сұpанымдарын қанағаттандыру үшiн жұмыc iстейтін қызмет саласы.
Мемлекеттік реттеу органдары бір инвестордың немесе олардың бір тобы сатып алатын бағалы қағаздардың үлесі туралы хабарламаны талап етуі немесе Баға мен монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетпен акционерлік қоғамдағы дауыстардың үлесіне әсер ететін заңнамамен белгіленген деңгейден асып түсуі кезінде бағалы қағаздар бойынша мәмілелерде келісімді талап ету мүмкін.
Қазақстан Республикасының қаржы рыногын дамытуға бағытталған қаржы орталығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін айрықша құқықтық режім болып табылатын 2006 жылы құрылған Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы (АӨҚО) үлкен рөл атқарады, ол қаржы орталығының қатысушылары мен мүдделі тұлғалардың өзара қатынасын реттейтін ерекше құқықтық режімді білдіреді. Қазіргі кезеңде АӨҚО Қазақстанның қор рыногын нығайтуға салмақты үлесін қосып отыр­ған отандық қаржы рыногының стратегиялық құрылымдарының бірі болып саналады
Елiмiздiң қаржы рыногында орныға бастаған қатынастарды реттеудiң және қадағалау тиiмдiлiгiн арттырудың бiртұтас жүйесiн ұйымдастыpy қажеттiгiне байланысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттiк реттеудiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыpy мәселе­лерi» туралы жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр № 872) қабылданды. Осы жарлық­қа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғay министрлiгiнiң Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу жөнiндегi комитетiнiң функциялары мен өкiлеттiктерi Ұлттық банкке берiлдi.
Елiмiздiң есептiк төлем балансын неғұрлым тиiмдi қалыптастыру, неғұрлым пәрмендi валюталық реттеу мен бақылаy жүргiзу үшiн Ұлттық банктiң жаңа бөлiмшелерi – төлем балансы мен валюталық реттеу департаментiн және Ұлттық банк басшылығының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқарма құрылған. Қаржы рыногының орнықтылығын және оның қызметiн реттеп отыруды жақсарту мақсатымен Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдapын реттеу және қадағалау жөнiндегi комитет құрылды.
.
Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықара­лық капитал рыноктарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономика­сына инвестициялар тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығу болып табылады.
Қаржы орталығы:
1) қазақстандық және шетелдік қатысушылардың теңдігі;
2) капиталдың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасына сәйкес қозғалуы қағидаттарымен жұмыс істейді.
Қаржы орталығының қызметін реттеу бойынша уәкілетті орган – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттік (АӨҚО ҚРА) – қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган,тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган халықаралық кеңес болып табылады ол уәкілетті органның ( АІҚО ҚРА) жанынан құрылады.
Брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын және заңи тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы уәкілетті орган берген куәлігі, бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеуіне арналған, қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадғалау жініндегі уәкілетті мемлекеттік орган ( ҚҚА) берген лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қаржы орталығының қатысушылары болып табылады және олар қаржылық құралдармен қаржы орталығының арнаулы сауда алаңында ғана мәмілелер жасауға құқылы.
Заңи тұлғаның Алматы қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін органының болуы бағалы қағаздар рыногына кәсіпқой қатысушы-заңи тұлғаны уәкілетті органның мемлекеттік тіркелімінің міндетті шарты болып табылады.
Қор биржасының Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін және АӨҚО ҚРА белгілеген сауда алаңы қаржы орталығының қатысушылары қаржылық құралдармен сауда-саттықты жүзеге асыратын қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы болып табылады. Қазірге уақытта Қазақстан қор рыногының негізгі алаңы – KASE мен АӨҚО арнайы сауда алаңының бірігу үдерісі аяқталды.
Сауда-сатықты ұйымдастырушының қаржы орталығының арнауы сауда алаңына қатысты қабылданатын ережесі АӨҚО ҚРА-мен және қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
Қаржы орталығының қатысушыларын салықтық бақылау Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Агенттіктің белсенді түрде атсалысуымен Исламдық қаржыны дамыту қауымдастығы тіркелді. Аталған қауымдастықтың қызметі Қазақстанда Исламдық қаржыландыру рыноғын қалыптастыру бағытында іске асырылады. БАӘ, Кувейт, Бахрейн, Катар, Туркия, Сауд Арабиясы мен Малайзия елдерінің инвестициялық банктері мен қорларынан тұратын әлуетті исламдық инвесторлар базасы қалыптастырылды. Агенттік тарапынан Еуразиялық сауда жүйесі, рейтингтік агенттік пен АӨҚО академиясы құрылып, Қазақстанның қор биржасы коммерцияланды, АӨҚО ретінде қаз тұруына бағытталған қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптасты.
Мыналар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы-заңи тұлғалар ұсынатын, көрсетуден түсетін табыс олардың жиынтық жылдық кірісінен алып тастауға жататын қаржылық қызметтер болып табылады: өз клиентінің есебінен және мүддесінде (брокер ретінде) қаржылық құралдармен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру, номиналды ұстау, андеррайтер қызметтері, ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер, бағалы қағаздар бойынша белгілеуді үнемі жариялау және ұстап тұру жөніндегі қызметтер.
2011 жылғы сәуірдің 12-сіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесін ары қарай жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі мен Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі олардың функциялары мен өкілеттіктерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне берілуімен таратылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі таратылатын агентіктердің міндеттемелері бойынша құқықты иеленуші болып анықталған.
Қазақстан Республикасындағы қаржылық қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қадағалаудың бiртұтас жүйесiне кезең-кезеңмен көшу қамтамасыз етілуі тиіс.
Қаржылық қызметтердің қазақстандық рыногы исламдық қаржыландыруды ендірумен байланысты кеңейе түсуде. 2009 жылдың ақпанында қабылдаған Ислам банктерін құру мен қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының заңы елде ислам банктерін, исламдық инвестициялық қорларды ашу үшін, сондай-ақ исламдық бағалы қағазды шығару үшін мүмкіндік жасайды. Соңғы жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты зиялы елдерде исламдық қаржы қызметтері рыногының белсенді дамуы жатыр. Ірі халықаралық банктер мен инвестициялық компаниялар исламдық өнімдер ұсынуда, қызметі исламдық қаржыландырудың қағидаттарына сай келетін еншілес ұйымдар ашықталуда. Исламдық қаржыландырудың әйгілілігі негізінен Таяу Шығыс елдерінен инвестициялық капиталды тартуға ұмтылыспен байланысты болып отыр. Бұдан басқа, исламдық қаржылық ұйымдар исламдық қаржыландыру ерекшеліктерінің нәтижесінде өтімділіктің әлемдік дағдарысына орнықтылықты көрсетті.
Исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: пайыздар түрінде сыйақылар есептеуге тыйым салу, тәуекелдер мен пайдаларда тең құқықты қатысу, нақты активтермен ақша ағындарын қамтамасыз ету, қызметтің белгілі бір түрлерін (құмар ойын бизнесі, қару-жарақпен, алкоголь, темекі өнімдерімен сауда сияқты түрлерін) қаржыландыруға тыйым салу.
Заңға сәйкес ислам банкі екінші деңгей банкі болып табылады және арнаулы лицензия негіздемесінде қызметті жүзеге асырады. Әрбір ислам банкінде Шариғат қағидаттарына банктік операциялардың сәйкестігін бақылайтын арнаулы Шариғат Кеңесі құрылады. Қазақстан заңнамасы ислам банкінің мынадай өнімдерін қарастырады: инвестициялық депозиттер мен пайызсыз талап етілмелі депозиттерді қабылдау; мерзімділік, қайтарымдылық және сыйақыны өндіріп алусыз шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беру; лизинг (жалдау) шарттарындағы инвестициялық қызмет; коммерциялық кредит берумен немесе заңи тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік шарттарында кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру; агенттік қызмет.
Шариғаттар қағидаттары табысты және тәуекелдерге қатысуды кепілдендіруге тыйым салатындықтан, ислам банктері депозиттерді кепілдендіру қорының қатысушылары болып табылмайды.
Шариғаттың қағидаттарын сақтай отырып, инвестициялауды жүзеге асыратын Исламдық инвестициялық қор Заңға сәйкес акционерлік инвестициялық қор немесе жабық үлестік инвестициялық қор болып табылады. Исламдық инвестициялық қордың инвестициялық мағлұмдамасы Шариғаттық Кеңесіпен келісіледі. Бұл мақсат үшін басқарушы компания Шариғат Кеңестерінің қызметтерін тарта алады, бұл оны меншікті Шариат Кеңесін құруды міндеттемейді.
Исламдық тәсілдемелердің жалпы нормалары бағалы қағаздар рыногында исламдық құралдарға да таралады.
Әлемдік практикада исламдық бағалы қағаздарды инфрақұрылымдық объектілер, көпфункциялық орталықтар құрылысы, өндірісті қалыптастыру үшін заңи тұлғалар да, сондай-ақ елдердің үкіметтері де шығарады. Жиі жобаларды іске асыру кезінде исламдық жалгерлік сертификаттар мен қатысудың исламдық сертификаттарының құрамдастырымы (комбинациясы) пайдаланылады. Қазіргі уақытта заңға сәйкес ислам банкі, «КазАгро ҰХ» АҚ, «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ және 100% еншілес ұйымдары исламдық арнаулы қаржы компаниясының оригинаторы бола алады.
Исламдық қаржыландырудың заңнамалық негіздерінің дамуы рыноктың жаңа қатысушыларының пайда болуымен қосарланып отыр. Қызметтері исламдық қаржыландырудың қағидаттарына сәйкес келетін консалтингтік , брокерлік компаниялар өзінің қызметін жүзеге асырады. Қазақстанның және Біріккен Араб Эмираттарының Үкіметтері Қазақстандағы бірінші ислам банкін ашу туралы келісім жасасты. Бірінші кезекте Қазақстанда исламдық қаржыландыруды енгізу қаржылық қызметтердің спектрін кеңейтеді. Бұдан басқа, бұл Қазақстанға инвестициялық капиталды және исламдық қаржы индустриясының ірі әлемдік қатысушыларын тартудың құралы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет