ҚЎлпыбаев с


Қор рыногының индикаторлары



бет254/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

21.6.Қор рыногының индикаторлары

Қор рыногының индексі (индикаторы) инвестициялық мүмкіндіктер мен олардың нәтиже­ле­рін бағалау кезінде инвесторлардың ескеретін аса маңызы факторлардың бірі болып табылады. Ол болжаудың негізі және рыноктағы үрдістердің дәлме-дәл көрсеткіші болып табылады.


Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік емес бағалы қағаздардың биржа рыногының жай-күйін сипаттайтын бірнеше индикаторлары бар. Қор рыногының индикаторлары мыналар болып табылады:
1) акциялар рыногын капиталдандыру;
2) корпоративтік облигациялар рыногын капиталдандыру;
3) акциялар рыногының индексі (KASE индексі);
4) корпоративтік облигациялар рыногының индекстері: корпоративтік облигация табыс­тылығының индексі (KASE BV индексі);
корпоративтік облигациялар бойынша («таза» бағалар бойынша) қордаланған (есептелген, бірақ төленбеген) сыйақыны есепке алмай олардың бағалары бойынша есептеп шығарылған бағалар индексі (KASE BС индексі);
корпоративтік бағалы қағаздар бойынша барлық есептелінген сыйақыны, соның ішінде төленбеген сыйақыны да есепке ала отырып есептеп шығарылған олардың бағалар индексі (KASE BР индексі);
Қаржылық құралдар (инструменттер) рыногын капиталдандыру өкілдік тізімдегі олардың атауларының санын есепке ала отырып, формулалар бойынша есептеп шығарылады; белгілі бір атаудың (эмитент сатып алғандарын шегергеннен кейін) саны, дана; өткен сауда күні жасасқан мәмілелердің безбенделген бағасы (акциялар үшін) немесе атаулы құны (корпоративтік облигациялар үшін).
KASE индексі мыналарды ескеретін формула бойынша есептеп шығарылады:
KASE индексінің алғашқы мағынасын (2007 жылы 28 қыркүйектегі жай-күйі бойынша 2.549,79 тармақтар мөлшерінде);
KASE индексін есептеу мезетінде өкілдік тізімге кіріктірілген акциялардың жиынтықты рыноктық құнын;
KASE индексін алғашқы есептеу мезетінде өкілдік тізімге кіріктірілген акциялардың жиынтықты рыноктық құнын;
мыналарды есепке ала отырып есептелетін түзету коэффициенттері: еркін айналыста жүрген белгілі бір атау акцияларының үлесін, пайызбен; еркін айналыста жүрген белгілі бір атау акцияларының санын; белгілі бір атаудың орналастырылған акцияларының санын (олардың эмитент сатып алғандарын шегергеннен кейін).
KASE_BV индексі облигацияның орташа безбенделген табыстылығы, облигацияның өтелу күніне дейінгі күндер саны және облигацияны капиталдандыру (бағаны қағаздар санына көбейту) негізінде есептеп шығарылады.
Қалған индекстер бойынша тиісті есептемелер жүргізіледі.
Егемен еурооблигациялар рыногында облигациялардың таза бағалары бойынша есептеп шығарылатын KASE_ЕС индексі; KASE_EP – қордаланған мүдде мен тіленген купондарды есепке ала отырып есептеп шығарылатын индекс; KASE_EY – еурооблигациялардың орташа табыстылығының индексі.
Рынок индикаторларының жекелеген тобы биржаның сауда-саттығында мемлекеттік бағалы қағаздар және мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша репо операциялар секторында, сондай-ақ автоматтық репо секторында, белгіленген тартудың әр түрлі мезгілдері репосының орташа безбенделген мөлшерлемесінің мағынасын белгілейді. Репо мөлшерлемелерін қаржы рыногындағы «қысқа ақшалардың» ағымдағы құны ретінде және тиісінше, ақша рыногы қатысушыларының қысқа мерзімді өтімділігінің индикаторы ретінде қарастыруға болады. Мөлшерлемелер мәмілелер жасасқан күнгі тек сауда-саттықтың нәтижелері бойынша есептеп шығарылады. Әңгіме екі аптаға дейінгі қарыз алудың мерзімдері туралы болып отырғандықтан, жылдық мөлшерлеменің есеп-қисабы жүргізілмейді. Ерекше индикатор TONIA (Tenge Over Night Index Average) болып табылады, ол күн сайын бір жұмыс күні мерзімімен («овернайт» репосы) репо ашылымының биржада мемлекеттік бағалы қағаздардың автоматтық репо секторында жасасылған мәмілелері бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме ретінде есептеп шығарылады. Тенгеде жұмылдыру (тарту) бойыша бір күнгі мерзім репосының орташа безбенделген мөлшерлемесінің мәні оның автоматтық репо секторын, МБҚ бойынша репо секторын және мемлекеттік емес бағалы қағаздар бойынша репо секторын кіріктіре отырып, биржада барлық жасасылған репо бойынша биржа есептеп шығаратындығында. Көлем индикаторы 14 күнге дейін мезгілдегі репоның барлық секторларында ашылған мәмілелердің көлемін ескереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет