ҚЎлпыбаев с



бет267/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
өршімелі – баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
баланстандырылған және баланстандырылмаған инфляция; баланстандырылған инфляция кезінде әр түрлі тауарлардың бағасы бір-біріне қатысты өзгерусіз қалады, баланстандырылмаған инфляция кезінде олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әр түрлі үйлесімде;
болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
күтілген және күтілмеген;
шығу немесе пайда болу орнына қарай:
импортталынған және экспортталынған; сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі тұрпаты бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы). Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады. Екінші жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтерге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.б.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның жоғарыда аталған түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің тұтынылатын компоненттері баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырады, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді (23.3 сызбаны қараңыз).




Рыноктық экономиканың механизмі – бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы жеткіліксіз қалыптасқанда, ал өндірістің жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту жөніндегі шаралармен туындайтын сұранымның төмендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің көлемін қысқартуға, не оның шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады. Алайда фирмалар, компаниялар жағдайының жақсаруына үміттене отырып, рынокта тұра алуға тырысады және бағалар мен өндіріс шығындарын төмендетуге мәжбүр болады. Үдерістің жаппай ауқымды әрекеті инфляцияның төмендеуіне мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорын шикізат, материалдар, шала фабрикаттар, жинақтау бұйымдары, жабдық, саймандар жеткізушілерін таңдай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға – халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстарын және кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл – импортталатын және экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға кредиттік операцияларды және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет