ҚЎлпыбаев с



бет264/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер және валютаға мұқтаж тұлғалар оны валюта рыноктарында ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюталық қорларды көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық ресурстарын қалып­тастырудың келесі көзі – банктердің валюталық кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, өңірді, жалпы ұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыздық қаражаттарды тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін валюталық қаражаттар компанияларға, фирмаларға Үкімет шешімімен орталықтандырылған валюталық ресурстарынан бөлінуі мүмкін.
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюталық ресурстарды толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.
Валюталық қаражаттар түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісімшарттарды, келісімдерді, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Қайта бөлу ретіндегі валюталық қаражаттар басқарудың жоғарғы буыны тарапынан төменгі шаруашылық бөліністерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бұл деңгейінде валюталық қорларды жасау кезінде).
Валюталық ресурстардың аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады (8-тараудың 8.2 параграфын қараңыз). Валюталық қорларды пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) әлемдік рыноктарда жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.
3) валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздарды өтеу;
4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктарда операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қар­жы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімшарттардың
шарттарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу;
8) ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени-тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрілік заттарды, медициналық жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржылық ресурстардың басқаша пайдалануы да мүмкін.
Заңи тұлғалар өздеріне қарасты валюталық қорларды дамудың: өндірістік инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік зерттеулерді қаржыландырудың және т.б. жалпы міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет