ҚЎлпыбаев с



бет296/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Қаржылық құқық – мемлекеттің қар­жылық қызметімен байланысты қатынас­тарды реттейтін құқық саласы.
Қаржылық лизинг – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негізгі құралдарды беру, егер ол мынадай талаптарға сай келсе: негізгі құралдарды лизинг алушының меншігіне беру жəне (немесе) лизинг алушыға негізгі құралдарды тіркелген бағамен сатып алу жөнінде құқық беру лизинг шартында белгіленсе; қаржылық лизингтің мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызметі мерзімінің 80 пайызынан асса.
Қаржылық менеджмент – кəсіпорында инвестицияларды қоса барлық қаржылық үдерістерді қалыптастыру жəне реттеу, жоспарлау, шешімдер қабылдау, өкімдер əзірлеу жəне бақылау стадияларының жиынтығы. Стратегиялық қаржылық менеджмент инвестицияларды жəне капитал құрылымын ұзақ мерзімді басқаруды қамтиды. Оралымды қаржылық менеджмент өтімділікті қамтамасыз етуге жатады.
Қаржылық механизм – шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі; бөлу жəне қайта бөлу қатынастарының кең жүйесі жүзеге асыратын табыстар мен қорланым құралатын жəне ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорлары құрылып, пайдаланылатын нысандар мен əдістердің жиынтығы. Қаржылық жоспарлауды, қар­жыны басқаруды, қаржылық тұтқалар мен ынталандырмаларды, қаржылық көр­сеткіштерді, нормативтерді, лимиттерді, қаржылық резервтерді кіріктіреді.
Қаржылық міндеттемелер – бұл: ақшалай қаражаттарды немесе кез келген басқа қаржылық активті басқа субъектіге төлеу туралы; анағұрлым әлуетті қолайсыз болып табылатын жағдайда басқа субъектімен қаржы құралдарымен алмасу туралы шартты міндеттеме болып табылатын кез келген міндеттеме.
Қаржылық ресурстар – мемлекеттің, кəсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйым­дардың қарамағындағы ақшалай қаражат­тары мен қорларының жиынтығы; қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құрылады.
Қаржы рыногындағы кəсіптік қызмет – қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кəсіпкерлік қызмет.
Қаржы рыногы – қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржылық құралдардың шығарылымына жəне айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет