ҚЎлпыбаев с


Қаржылық қызмет көрсету –



бет297/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Қаржылық қызмет көрсету – Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын сақтық рыногы, бағалы қағаздар рыногы, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары қатысушыларының қызметі, сондай-ақ банк қызметі.


Қаржылық қызмет көрсетуді тұты­нушы – қаржы ұйымының қызмет көрсетуін пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржылық құралдарға инвестициялайтын жеке немесе заңи тұлға.
Қаржы ұйымы – қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.
Қайырымдылық көмек – жеке тұл­ғаларға əлеуметтік қолдау көрсету мақ­сатымен жəне коммерциялық емес ұйым­дарға олардың жарғылық қызметін қолдау мақсатымен өтеусіз негізде берілетін мүлік.
Қарыз – жеке, заңи тұлғалар мен мемлекеттің қайтарымдылық негізде жəне белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы. Қарыз пайызсыз, жеңілдікті қарыз жəне коммерциялық шартқа негізделген қарыз, сондай-ақ ішкі жəне сыртқы қарыз түрлеріне бөлінеді. Қарыз мемлекеттің экономикалық саясатында кең пайдаланылады; мемлекеттің жеке жəне заңи тұлғалардан алған ішкі қарызы мемлекеттің ішкі борышын құрайды, мемлекет шетелден несие алған жағдайда мемлекеттің сыртқы борышы құралады.
Қарыз алу – тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау жəне талдау рəсімдерін қоса алғанда, қарыздық қаражаттарды тарту қажеттігі туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу жəне қызмет көрсету тəртібі мен шарттарын айқындау рəсімдері, келіссөздер, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жəне кепілдіктері, қарыз бойынша тиісті құжаттарды рəсімдеу жəне қол қою, қарыз келісімшартын ратификациялау (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыздық қаражаттар алу, пайдалану рəсімдерін кіріктіретін үдеріс.
Қарыз беруші – мемлекеттік немесе мемлекеттік емес қарыздарды мемлекеттік кепілдікпен немесе мемлекет кепілгерлігімен берген тұлға немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет