Ортақ сақтандыру – бір мезгілде бірнеше сақтық ұйымдарымен сақтандыру келісімшарты бойынша сақтық тəуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасалған ортақ сақтандыру келісімшартына сəйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет жəне соған байланысты қатынастар.
Орталық депозитарий – негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым.
Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындайтын органдар – уəкілетті мемлекеттік органдар.
Ө
Өзара байланысты тарап – өзара байланыстығы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сəйкес айқындалатын жеке немесе заңи тұлға.
Өткізу – сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жіберу, жұмыстарды орындау жəне қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру.
Өсімпұл – мерзімі өткен салықтық міндеттеменің сомасына есептелетін белгіленген мөлшер.
Өзара өтелетін операциялар – қосарланған есепті болғызбау мақсатында бюджеттің бір деңгейінен басқасына берілетін, трансферттер, бюджеттік кредиттер жəне басқа ақшалай сомаларды алып тастаумен байланысты, мемлекеттік бюджетті жəне облыстың бюджетін, сондай-ақ олардың атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру кезінде жүзеге асырылатын операциялар.
Өзін-өзі реттейтін ұйым – бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушылары құрған заңи тұлға.
Өтеусіз қаржылық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды жəне қызметтер көрсетуді қаржыландыру үшін ақша беруі.
Өтеусіз техникалық көмек – донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына тауарлар беруді, жұмыстарды орындауды жəне қызметтер көрсетуді жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы.
Достарыңызбен бөлісу: |