ҚЎлпыбаев с


У Уəкілетті аудиторлық ұйым (уəкі­летті аудитор) –



бет309/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

У
Уəкілетті аудиторлық ұйым (уəкі­летті аудитор) – уəкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор).
Уəкілетті мемлекеттік органдар –
салық органдарын жəне жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақ­стан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді есептеуді жəне (немесе) жинауды жүзеге асыруға уəкілеттік берген, Қазақстан Республикасы заңдарында, Президент пен Үкіметтің актілерінде белгіленген өздерінің құзыры шегінде Салықтық кодекске сəйкес салық службасы органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары.
Ұ
Ұлттық қор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емесактивтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі активтері.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге қаржылық құралдардың айналыс саласы, олармен жасалатын мəмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сəйкес жүзеге асырылады.
Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздардың айналыс саласы, онда бағалы қағаздармен жасала­тын мəмілелер сауда-саттықты ұйымдас­тырушының ішкі құжаттарына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады.
Ұлттық сəйкестендіру нөмірі – эмис­сиялық бағалы қағаздарды сəйкес­тен діру жəне есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уəкілетті орган беретін əріптік-цифрлық код.
Ұтыстар – салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын натуралдық жəне ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында жəне (немесе) бəс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет