ҚЎлпыбаев с



бет306/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Сақтық сомасысақтық объекті сақтандырылған жəне сақтық жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауап кершілігінің шекті көлемін білдіретін ақшалай сомасы.
Сақтық сыйлықақысы – сақтанушы сақтандырушыға соңғысы сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтық төлемін жасауға міндеттемелер қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақшалай сомасы.
Сақтық холдингі – уəкілетті органның жазбаша келісіміне сəйкес сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иелене алатын немесе; сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының (артықшылықты акцияларды шегере отырып жиырма бес немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама дауыс беру); сақтық (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешімдерді келісімшартқа орай не өзгеше тұрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкіндігіне ие заңи тұлға.
Сақтық төлемі – сақтандырушы сақтық жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтық сомасы шегінде төлейтін ақшалай сома.
Сақтық ұйымы (сақтандырушы) – уəкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру келісімшартының жасалуы мен орындалуы жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.
Сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы жəне биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы.
Своп – екі тараптың уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде белгілі бір талаптармен қаржылық құралдарды айырбастау жөніндегі келісімін куəландыратын туынды бағалы қағаз.
Сметалық құн – құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы əзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сəйкес айқын далатын объектіні (кешенді) салу құны.
Сыйақы – мыналарға: кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банк тердің ақша аударғаны үшін ком ис сияларды жəне қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты; мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, мүлікті лизингке беруге байланысты; салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байлынысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша; сақтық сомасының мөлшерін, сондай-ақ сақтандырушы үшін сақтанушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру келісімшартымен байланысты; борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан жəне (немесе) сатып алу құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлем түріндегі; вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша; репо операциялары бойынша – репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы оң айырма түріндегі барлық төлемдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет