ҚЎлпыбаев с


сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы



бет199/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

17.3 сызба. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызығы



Жекеше тауарлар не тұтыну, не инвестициялық тауарлар болуы мүмкін:
1) егер тұтыну тауарларын қысқарту есебінен ұсыным азайса, онда халықтың бүгінгі ұрпағының тұрмыс деңгейі төмендейді, ал инвестициялардың деңгейі сақталынады және келер ұрпақ шалынбайды;
2) егер төмендеу инвестициялық тауарларды шалса, онда бүгінгі ұрпақтың тұтыну деңгейі өзгермейді, ал болашақта табыс деңгейі аз болады.
Уақиғалар дамуының екі сценарийі болуы мүмкін:
1) Үкімет шығыстарының көбеюі салық салудың өсуімен қаржыланады, онда тұтыну шығыстары төмендейді және үкімет шығыстарының ауыртпалығы бүгінгі ұрпаққа түседі;
2) Үкімет шығыстарының көбеюі мемлекеттік борыштың көбеюі есебінен қаржыланады.
Салдарлары: үкімет ақша рыногына шығады, жекеше қарыз алушылармен бәсекелеседі, пайыздық мөлшерлеме көбейеді, инвестициялар қысқарады. Болашақ ұрпақ аз экономикалық әлуетті мұраланады және оның ең төмен тұрмыс деңгейі болады.
Бірақ екі шектелім болады:
1. Мемлекеттік инвестициялар. Егер үкімет шығыстарының өсуі тұтыну шығыстарының көбеюі есебінен болатын болса, онда борыштың көбеюінің ауыртпалығы болашақ ұрпақтарға аударылады. Ал егер сонымен бірге мемлекеттік инвестициялар көбейетін болса, онда бұл экономиканың болашақ өндірістік әлуетін нығайтады, капиталдың құрылымы мемлекеттік капиталды пайдасына өзгереді.


17.4 сызба.



2. Жұмыссыздық. Егер бұған дейін қоғам жұмыспен толық қамтылу кезіндегі экономиканың жұмыс істеу жағдайларында болса, онда жұмыспен толық қамтылмаған кезінде экономика өндірістік мүмкіндіктер шектерінің ішінде болады. Үкімет шығыстарының өсуі капиталды ағымдағы тұтыну мен қордалау жағынан ешқандай құрбандарсыз экономиканы қисық сызыққа жақын орналастыруы мүмкін. Демек, егер бастапқыда жұмыссыздық, тапшы қаржыландыру болатын болса, бұл экономикалық әлует мөлшерлерінің қысқару нысанында болашақ ұрпақтарға түсетін ауыртпалықты міндетті түрде тудырады.
17.4. сызбада пайыздық мөлшерлемелердің өсуі 10 миллиард шартты өлшемнің инвестицияларын ығыстырады. Бірақ тапшы қаржыландырудың нәтижесінде енді үкімет шығыстарының өсуі мультипликатордың нәтижесі арқылы құлдыраудың жай-күйіндегі экономикаға ынталандырушы нәтиже көрсететін болады, сөйтіп жекеше бизнестің күтіп отырған пайдаларын жақсартады және инвестициялық сұранымның оңға 12-ге ілгерілеуін тудырады. Нәтижесінде мөлшерлеменің тым жоғары деңгейіне – 10%-ға қарамастан инвестициялық шығыстар 30 миллиард шартты өлшем деңгейінде қалады. Инвестициялық сұранымның өсуі сызбада көрсетілгеннен не азырақ, не көбірек болуы мүмкін; 1-жағдайда ығыстыру нәтижесінің іс-әрекеті жабылатын болады, 2-жағдайда артығымен асыра жабылады. Негізгі идея инвестициялық сұранымның өсуі кез келген ығыстыруға қарсы іс-әрекет ететіндігінде болып отыр.
Мемлекет үшін дефолтты қолайлы практикалық шешім етіп айқындайтын мынадай негізгі факторлар бар:
1) қоғам тарапынан болатын саяси қолдаудан ел басшылығының айрылуы;
2) экспорттан түсетін кірістердің төмендеуі;
3) борышқорлық ауыртпалықтың көбеюі;
4) капиталдың халықаралық рыноктарына шығу мүмкіндігінің жоқтығы;
5) жалғасылған экономикалық құлдырау;
6) берешектің құрылымын өзгертуге халықаралық қаржы ұйымдарының әзір екендігі.
Яғни егер ел басшылығы дефолтты жариялаудан түскен пайданы онымен байланысты санкциядан асып түсті деп санаса, сыртқы борыш бойынша дефолт ел басшылығының стратегиялық шешімінің нәтижесі болуы мүмкін. Елдің алтын-валюталық резервтерінен сыртқы борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын төлемдер сомасының асып түсуі де маңызды фактор болып табылады. Бюджеттің барлық шығыс бөлігін жеңілдету дефолттың оң салдары болып табылады, бұл оның орындалуына мүмкіндік бере алады. Сыртқы борышқа төленетін төлемақылардан бас тарту үкіметке бюджеттің басқа баптары бойынша, мысалы әлеуметтік сфера бойынша шығыстарды көбейтуге мүмкіндік береді, мұның өзі үкіметке сенімді ішінара қайтаруға мүмкіндік туғызады. Бірақ кредит рейтингі төмендейді және халақаралық рыноктарда қарыз алу қиындайды.
Қарыз алудың шамадан тыс көлемдері кезінде мемлекет «борышқорлық торға» түсіп қалу қаупінде, яғни ол тек бұрынғылар бойынша пайыздарды төлеу үшін жаңа қарыз алулардың көлемін өнбойы көбейтіп отыру жағдаятына мәжбүр болады. Борыштың өзгеру динамикасы пайызды төлеуге дейін ІЖӨ-нің 5%-ын құраған бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қажет қарыз алулардың өсуі мысалында көрсетілуі мүмкін (17.3-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет