17.3 кесте. Орта мерзімді кезеңдегі мемлекеттік
берешек параметрлерінің шоғырланымдық ұлғаюы
1000 ақшалай өлшемге тең ІЖӨ-ні және жылдықтың 15%-дық мөлшерлемесін қабылдай отырып, (борыштың жалпы сомасы есебінен пайыздар әр жылдың басында төленеді) мынандай нәтижелер аламыз.
Цифрлар көрсетіп тұрғандай, тіпті егер 6-жылы тапшылық өзі жойылатын болса да, мемлекет-қарыз алушыға бәрібір әншейін алдыңғы 5 жылда қордаланған борыш бойынша пайыздарды төлеу үшін 5%-дан сәл төмен мөлшерде қарыз алуға тура келеді.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Мемлекеттік-кредиттік қатынастарды қаржылық қатынастарға неге жатқызады?
2. Мемлекетте қандай кредиттік қатынастар пайда болады?
3. Мемлекеттік кредиттің функцияларын баяндаңдар.
4. Мемлекеттік кредиттің нысандарын атап шығындар және оларға қысқаша сипаттама беріңдер.
5. Мемлекеттік-кредиттік қатынастарда қандай әдістер қолданылады?
6. Халықаралық мемлекеттік кредиттің қажеттігін қандай факторлар тудырады?
7. Халықаралық мемлекеттік кредитте қандай нысандар пайдаланылады.
8. Мемлекеттік борыш қалай түзіледі? Оның ұғымын тұжырымдаңдар.
9. Сыртқы мемлекеттік борыштың негізгі проблемаларын баяндап шығындар.
10. Қазақстандағы ішкі мемлекеттік борыштың негізгі нысандары қандай?
11. Мемлекеттік борышты басқару дегеніміз не және оның негізгі әдістері қандай?
12. Мемлекеттік борыштың мүмкін жағымсыз салдарлары (зардаптары) қандай?
18-тарау Үй шаруашылықтары
қаржысының мәні мен ерекшеліктері
18.1. Үй шаруашылықтары қаржысының
ұғымы және функциялары
Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едәуір бөлігін қамтып отырған рыноктық қатынастар жағдайларында қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр.
Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. ХХІ ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді.
Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды. Ақыр аяғында барлық экономикалық ресурстар үй шаруашылықтарына жатады, бірақ бұл ресурстар олардың арасында өте әркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады. Рыноктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.
Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады (18.1 сызбаны қараныз).
Достарыңызбен бөлісу: |