ҚЎлпыбаев с



бет219/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысаныда мынадай сыныптарды кіріктіреді: жазатайым жағдайлардан сақтандыру; ауырған жағдайдан сақтандыру; көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүлікті залалдан сақтандыру (көлік құралдары мен жүктерді сақтандыруды қоспағанда); көлік құралдары иелерінің азамат­тық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; автомобиль, әуе және су көліктері иелерінің жауапкершілігін қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; қарыздарды сақтандыру; ипотеканы сақтандыру; кепілдік пен кепілгерліктерді сақтандыру; басқа қаржы шығындарынан сақтандыру; сот шығыстарынан сақтандыру.
Жазатайым жағдайдан*25 және аурудан сақтандыру (ауырған жағдайдан сақтандыру қосылмайды) сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге залал келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ауырған жағдайдан сақтандыру (жазатайым жағдайдан сақтандыру қосылмайды) – сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын (автомобиль, теміржол, әуе және су көліктерін) сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне, соның ішінде айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру – мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Қарыздарды сақтандыру сақтандырушының (қарыз алушының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ипотекалық сақтандыру – ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің рыноктық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі.
Ипотекалық, кепілдіктер мен кепілдемелердің басқа қаржылық шығындардың тәуекелдерін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандыру шығыстың өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.
Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген кепілдіктер мен кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет