ҚЎлпыбаев с



бет263/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

22.4. Валюталық ресурстарды
қалыптастыру және пайдалану

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюталық қорларды қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюталық түсімдердің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюталық қорлар құрылады.


Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюталық ресурстары валюта­лық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар – бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетелдік валюта төлемдері мен шетелдік валютадағы төлемдік құралдарды қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу/әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлемдік құралдарға меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;
экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;
депозиттер, инвестициялар, қарыздық және өзге операциялар бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, т.б. кірістер алу;
сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды кіріктіреді:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа құқықтарына төленетін ақша аударымдары;
180 күннен астам мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюталық резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.
Сыртқы экономикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтыратындықтан, сондай-ақ олардың есебінен қаржы­ландырылатындықтан елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс.
Валюталық ресурстар қаржылық ресурстардың құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орта­лық­тандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.
Мемлекеттің валюталық ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
экономиканың мемлекеттік секторының – кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім-ақшадан;
тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кедендік баждардан, басқа төлемдерден;
келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушы­лары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;
валюталық заңды бұзғаны үшін шетел валютасында төленген айыппұлдар мен өсімнен;
шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланғаннан алынған табыстардан;
шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Басым мәселелерді немесе жалпы мемлекеттік бағдарламалардың бір бөлігін орындау үшін белгіленген үлесте жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі биліктің жергілікті органдарына берілуі мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногында сатып ала алады. Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржада валютаны сатып алушылар бола алады.
Мемлекеттің валюталық ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» – елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысы үшін;
2) Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;
3) үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді – тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды: елдің ұлттық шаруашылығында ұдайы өндірістік үдерістердің қалыпты ағымын қамтамасыз ету үшін қажетті шикізатты, отынды, қуат көздерін, техниканы, азық-түліктің бірқатар түрлерін және т.б. импорттау бойынша орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
4) басқарудың жергілікті органдары – коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, өңірлердің жергілікті инфрақұрылымын дамыту, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюталық ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кедендік баждарды төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногында сатуға міндетті болатын. Қолданыстағы тәртіп бойынша заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңи тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет