2011 жыл үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі бойынша баспасөз релизі



Дата03.03.2016
өлшемі71.39 Kb.
#35146
2011 жыл үшін зейнетақы активтерінің инвестициялық

портфелі бойынша баспасөз релизі
«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ 2011 жыл үшін зейнетақы активтерінің инвестициялары портфелінің құрылымының және көрсетілген кезең үшін зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелердің өзгерісіне шолуды ұсынады.
1-кесте. Үлестер бойынша ЗА портфелінің құрылымы.

Қаржы құралының түрі

01.01.2011 үлесі

01.01.2012 үлесі

ҚР МБҚ

39,27%

41,91%

Шетелдік мемлекеттердің МБҚ

6,59%

4,98%

ХҚҰ

1,33%

5,00%

ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары

21,55%

15,00%

Шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары

2,33%

1,63%

Құрылымдық ноталар (PPN)

3,49%

2,70%

ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары

1,29%

1,06%

Шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары

0,00%

1,27%

Асыл металдар (алтын)

0,00%

9,21%

Депозиттер

22,12%

15,35%

РЕПО

1,20%

0,48%

Ақша және өзге де активтер

0,83%

1,41%

Барлығы:

100,00%

100,00%


Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі негізгі үлесті сол қалпынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (ҚР МБҚ) құрайды, оның ішіндегі 39,01% Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің бағалы қағаздары болып табылады. 2011 жылдың ішінде ҚР МБҚ 2,64 пайыздық тармаққа (п.т.) ұлғайды. Осы ұлғаю 42 762 млн. теңге сомасына Қаржы Министрлігінің МБҚ сатып алумен және 9, 96 млрд. теңге сомасына ҚРҰБ қысқа мерзімді Ноталарын сатып алу нәтижесінде пайда болды.

ҚР МБҚ сенімділігі инвестициялардың осы категориясына сұраныстың жоғары деңгейін айқындайды. Мұнымен бірге, кірістілігі құнсыздану деңгейіне байланысты болатын МЕУЖКАМ зейнетақы қорлары үшін аса тартымды болып табылады. Жинақтаушы жүйесі бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының өсімі 2011 жылы 393 млрд. теңгені құрағанда, дәл осы кезеңде шығарылған МЕУЖКАМ көлемі 156 млрд. теңгені құрады.

01.01.2012 жылға Қордың зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі ақшалай баламадағы ҚР МБҚ сомасы 200,36 млрд. теңгені құрады.


Шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары

Қаржы құралдарының осы категорияларына инвестициялар қаупі төменірек инвестициялардың бірі болып табылады. 2011 жылдың ішінде олар бойынша жиынтық үлес шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесінің біршама төмендеуі және Халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының артуымен 2,06 п.т. ұлғайды.

Шетелдік мемлекеттердің МБҚ үлесінің төмендеуі аталған қаржы құралдары бойынша инвестициялық кірісті белгілеу мақсатында US Treasuries сатумен байланысты.

Құрылымдық түрлендіру мақсатында, сонымен қатар 6,8 % деңгейіндегі жоғары кірістілікті ескере отырып, Қор 2011 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің МБҚ сатып алған.

Халықаралық қаржы ұйымдарына инвестициялар үлесінің ұлғаюы АҚШ доллары және рублге номиналданған Еуропалық инвестициялық банктің облигацияларын, сонымен қатар рублге және бразилиялық реалға номиналданған Еуропалық даму банкінің облигацияларын сатып алу есебінен қамтамасыз етілген. Орташа алғанда осы бағалы қағаздар бойынша кірістілік 01.01.2012 жылға 5,69% құрады.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозиттері

Банктік сектор өтімділігінің жоғары деңгейімен байланысты, 2010 жылға қарағанда 2011 жылдың ішінде банктік салымдар бойынша 1,5-2,5 % кірістіліктің орташа ставкасының төмендеуі байқалды. Нәтижесінде, Қор портфеліндегі депозиттердің орташа алынған кірістілігі 7,90%-дан 6,99%-ға төмендеді.

Портфелдегі депозиттердің үлесі 22,12%-дан 15,35%-ға төмендеді. Қарастырылып отырған есептік кезең ішінде «Казинвестбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «Банк Центр Кредит» АҚ және «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ депозиттердің мерзімдері аяқталған. Депозиттер «Банк ВТБ» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ қайта инвестицияланды. Қосымша салымдар «АТФ Банк» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, «Каспий Банк» АҚ, «Цесна Банк» АҚ орналастырылған.
ҚР эмитенттері және шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары

Корпоративтік облигациялар үлесі 23,88%-дан 16,63%-ға төмендеді. Осы төмендеу Credit Suisse облигацияларын өтеумен, «Ордабасы» АҚ облигацияларын өткізумен, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ еурооблигацияларын сатумен, «Ресей Жинақбанкі» АҚ облигацияларын өтеумен, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ облигацияларын мерзімінен бұрын өтеумен байланысты болды.

Кредиттік тәуекелдің ең төменгі деңгейін ескере отырып, Қор «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «Азық-түлік Корпорациясы» АҚ облигациялары және «Россельхозбанк» АҚ еурооблигациялары сатып алынған.

Осымен бірге, қарастырылып отырған кезең ішінде Қор «Цесна Банк» АҚ, «ГК Ресми» АҚ, «АПК Инвест» АҚ корпоративтік облигациялары сатып алынды. Осы инвестицияларды жүзеге асыру кезінде эмитенттердің тұрақты қаржылық жағдайы және құнсыздану деңгейінен асып түсетін купондық ставка ескерілген болатын.


ҚР эмитенттерінің акциялары және депозитарлық қолхаттары

Портфельдегі ҚР эмитенттері акцияларының және депозитарлық қолхаттарының үлесі 1,06% құрады. Абсолюттік мәнде осы категориялар бойынша инвестициялардың құны 4,85 млрд. теңгеден 5,05 млрд. теңгеге өсті. Қарастырылып отырған кезең ішінде Қор «Қазмұнайгаз БӨ» АҚ депозитарлық қолхаттарын сатып алды.


Шетелдік эмитенттердің акциялары және депозитарлық қолхаттары

Акциялардағы инвестициялардың үлесі және шетелдік эмитенттердің депозитарлық қолхаттары 1,27% құрады, ол шамамен 6,1 млрд. теңгені құрайды. Инвестициялар ішінде мынадай шетелдік компаниялардың акциялары бар:

- Freeport-McMoRan Copper & Gold Inc. –әлемдегі ең төменгі шығасыларымен мыс өндіруші американдық компания, сонымен қатар әлемдегі ең ірі алтын өндірушілердің бірі;

- Schlumberger LTD – мұнай және газ өнеркәсібіне мұнай өндіретін қазіргі технологиялардың барлық шоғырын ұсынатын компания;

- Deutsсhe bank – Германияның ірі банктік концерні. Банк негізінде инвестициялық – банктік және коммерциялық қызметтермен айналысады;

- Deutsche Telekom – Еуропадағы ең ірі және көлемі жағынан әлемдегі үшінші германиялық телекоммуникация компаниясы;

- Rio Tinto PLC – көлемі жағынан әлемде екінші трансұлттық кен ісі тобы болып табылатын австралия-британдық Rio Tinto Group концерніне енетін операциялық компанияның бірі;

- Sberbank – қызмет ауқымы бойынша да, филиалдық желі мөлшері бойынша да Ресейдегі ірі банк.



Асыл металдар

Әлемдік қор нарығындағы тұрақсыз жағдайға байланысты, алтын ұзақ мерзімді перспективада активтердің сақталуын қамтамасыз ететін сенімді қаржы құралдарының бірі болып табылады. Алтын құнының өсуінің тарихи динамикасы оған дәлел болып табылады. Осыған байланысты, 2011 жылы Қор заңнамамен рұқсат етілген зейнетақы активтерінің бөлігін тазартылған асыл металдарға, дәлірек салымдар үлесі есептік күнге 9,21% құрайтын шоттағы алтынға инвестициялау туралы шешім қабылдаған.


2011 жылдың аяғындағы инвестициялық кірістіліктің төмендеу себептері

Өткен 2011 жыл әлемдегі инвесторлар үшін соңғы жылдардың жаһандық қаржы дағдарысының белгілерін, сонымен қатар қор индекстерінің өсуіне кезеңдік үрдістерді сақтаған, күтпеген өсулер мен құлдыраулар жылы болды. Осылайша, бірінші жартыжылдық оң бағалық және валюталық бағамдық қайта бағалауға әкелген амплитудалық құбылмалылықтың жоқтығымен қамтамасыз етілген инвестициялық кірістің тұрақты өсуімен байқалды.

2011 жылдың екінші жарты жылдығында әлемдік қор және валюта нарықтары бүкіл әлемдік экономикаға ықпал ете отырып және экономиканың жағдайын көрсете отырып көптеген әлемдік қор индекстерінің құлдырауына әкелген АҚШ кредиттік рейтингісінің төмендеуімен және Еуроаймақтың борыштық қиындықтарымен байланысты күрт ауытқуларды өткере бастады. Бұл өз кезегінде, Қордың инвестициялық портфеліндегі белгілі қаржы құралдары бойынша бағаның төмендеуіне әсер етті. Мұнымен қоса, жоғарыда көрсетілген мәселелер әлемдік нарықта алтынға бағаның күрт төмендеуіне әкелді. Бұл да Қордың инвестициялық кірісіне теріс әсер етті. Сонымен қоса Қор портфеліндегі алтын бойынша иелік ету кезеңі үшін жалпы кірістілік оң болды.

Көрсетілген жағдайлар нәтижесінде 2011 жылдың қыркүйегі және желтоқсан айларында Қордың зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірісі теріс болды.

2011 жылдың қорытындылары бойынша инвестициялық басқару бойынша Қор қызметін бағалай отырып, портфелдегі қаржы құралдарының белгілі бөлігінің құнының төмендеуі, сонымен қатар 2011 жылдың І тоқсаны ішінде уәкілетті органның талаптарды қатаңдатумен байланысты 1,8 млрд. теңге сомасына резервтерді қосымша қалыптастыру аясында, 12 ай үшін Қордың зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігі 4,14 % құрады, бұл ЖЗЖ бойынша орташа алынған К2 көрсеткішінен жоғары. Қордың таза инвестициялық кірісі 14 млрд. астам теңгені құрады, бұл зейнетақы жүйесі бойынша абсолюттік көріністегі ең жоғарғы мән болып табылады.

Қор нарығының ерекшелігін ескере отырып, өз қызметін жүзеге асыру кезінде салымшылар алдында жоғары жауапкершілікті жете түсіне отырып, Қор инвестициялаудың қалыпты –консервативтік саясатын ұстанады және сенім білдірілген жинақталған зейнетақы қаражатының құнсыздану тәуекелінің ең төменгі деңгейіне ұшыраған және зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ететін құралдарға салады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет