ҚЎлпыбаев с


Шаруашылық жүргізуші субъектілер



бет81/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

8.4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер
қызметінің қаржылық нәтижелері

Өндірістік капиталды пайдаланудың сипаты – тиімдіден тиімсізге дейін – арнаулы қаржылық көрсет­кіштерден көрінеді және кәсіпорынның қаржылық менеджментінің нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен табыс (түсім-ақша) мөлшерінде, кәсіпорынның шығынында айқындалады.


Түсім-ақшаның ауқымы кәсіпорынның (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне байланысты болады.
Бөлудің классикалық (дәстүрлі) сызбаларында өнім өткізуден түскен түсім-ақша бұл өткізілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің шоттарына түскен ақшалай қаражаттардың сомасы. Ол өзіндік құнды пайданы, акциздерді, қосылған құн салығын кіріктіреді.
Өткізілген өнімнен түсетін түсім-ақшадан басқа шаруашылық жүргізуші субъектінің өткізуден тыс операциялардан – негізгі капиталдарды, басқа мүлікті және т.б. өткізуден түсетін түсім-ақшасы болуы мүмкін. Қосылған құн салығы, акциздер, өнімнің бағасына қосылатын құнның бірқатар басқа элементтері ( сауда және өткізім шегерімдері, кедендік баждар) шаруашылық жүргізуші субъектіге жатпайды, ол тек бюджетпен және басқа ұйымдармен есеп айырысқанда ескеріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары өнім өндіріп, оны өткізуге, басқаша айтқанда, өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалынған шығындардың шаруашылық жүргізуші субъектіге қаншаға түскенін көрсететін материалдық қаражаттар (шикізат, материалдар, отын, энергия, құрал-жабдық және т.б.) шығындарының және қажетті еңбектің жиынтығы. Шығындардың ақшалай тұлғалануы өзіндік құн болып табылады. Өзіндік құнға кіріктірілетін өнім, тауарлар, қызметтер өндіруге және оларды өткізуге жұмсалатын шығындар арнайы бекітілетін қағидамен анықталады; шығындардың құрылымы өндіру мен өткізудің салалық және басқа ерекшеліктеріне байланысты болады. Алайда жалпы бұл шығындар олардың экономикалық мазмұнына сәйкес мына элементтер бойынша топтастырылады:
материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құны шегерілгеннен кейін);
еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;
әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар;
негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар;
басқадай шығындар.
Өнім, жұмыс және қызметтер өлшемінің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау кезінде шығындар өндірістің сипаты мен құрылымы ескерілетін салалық әдістемелік ұсыныстармен анықталатын баптар бойынша топтастырылады. Осы мақсаттар үшін шығындар тура және жанама, шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы, элементтік және кешенді болып сыныпталуы мүмкін.
Өнім өткізуден түскен түсім-ақша (қосылған құн салығы мен акциздерсіз) және оны өндіру мен өткізуге жұмсалынған шығындар арасындағы айырма өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен пайда болып табылады. Оған шаруашылық жүргізуші субъектілердің негізгі капиталдары мен басқа мүлігін өткізуден түскен табыс, сондай-ақ өткізуден тыс операциялардан түскен табыстар қосылады.
Өнімді өткізу кезінде түсім-ақша мен өзіндік құн арасынан жағымсыз нәтиже де – зиянда алынуы мүмкін. Сондай-ақ өткізу операцияларынан тыс зияндарда болуы мүмкін: алынған айыппұлдардан төленгендердің асып түсуі, валюталық есеп-қисаптар мен операциялар бойынша теріс бағам айырмасы, күші жойылған тапсырыстар бойынша зияндар, дүлей апаттардан болған сақтық төлемдерімен өтелмейтін ысыраптар және т.б.
Тұтас алғанда құрамды бөліктер кәсіпорынның баланстық пайдасын немесе зиянын құрады.
Қазақстан Республикасында Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттарына сәйкес «өнім өткізуден және қызметтер көрсетуден алынған табыс» көрсеткішінде тауар-материалдық босалқы қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған табыстардан басқа, қосылған құн салығын, акциздерді, басқа салықтар мен міндеттемелерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы, яғни пайыздар, дивидендтер, қаламақы және рента түріндегі қаржыландырудан алынған табысты да кіріктіретін негізгі қызметтен алынған табыс бейнелеп көрсетіледі,
Қаржылық есептеменің Ұлттық стандарттарына сәйкес, табыстар - активтердің құйылым немесе өсім нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайдалардың азаюы немесе активтердің азаюы немесе міндеттемелердің пайда болуы, бұл азаюдан капиталдағы қатысушы тұлғалардың бөліністерімен байланысты азаюдан басқаша капиталдың азаюына жеткізеді.
Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым жалпы пайданы құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл шығыстарды бейнелеп көрсетпейді – олардың бір бөлігі өнімді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстармен, әкімшілік шығыстармен (жалпышаруашылықтың және әкімшілік арналым шығыстарының сомасы); қаржыландыруға арналған шығыстармен (алынған кредиттер, мүлікті жалдау үшін және басқадай шығыстар) көрсетіледі. Шығыстардың құрамына сондай-ақ үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымдар пайдасының (зиянының) үлесі кіріктіріледі.
Жалпы пайда мен аталған шығыстар арасындағы айырым «жалғастырылатын қызметтен алынған табыс (немесе зиян)» деп аталады.
Тоқтатылған қызметтен* алынған табыс (немесе зиян) – салықтардан кейін тоқтатылған қызметтен алынған пайда немесе зиян және басқадай табыс немесе тоқтатылған қызметке жататын активтердің немесе активтер топтарының және міндеттемелердің істен шығуы кезінде немесе сату шығындары шегерімінен кейін әділ құн бойынша өлшем кезінде салықтардан кейін танылған зиян.
Жалғастырылған қызметтен алынған пайда (зиян) және тоқтатылған қызметтен алынған пайда (зиян) сомасы салық салынғанға дейінгі пайда (зиян) болып табылады. Одан табыс (корпоративтік) салығын (немесе бұл салық бойынша үнемді қосу) шегергеннен кейін азшылық үлесін шегергенге дейінгі кезеңнің пайдасы болып шығады. Азшылық үлесіне түзетілген ол кезеңнің жиындық пайдасы (зияны) болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет