ҚЎлпыбаев с



бет84/315
Дата24.11.2023
өлшемі3 Mb.
#484375
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   315
каржы-кулпыбаев-2007

Аннуитет дегеніміз тұрақты негізде уақыттың белгілі бір мезгілі ішінде тіркелген межелдемелер арқылы төленетін немесе алынатын инвестиция, табыс.
Капиталды бюджеттеу (капиталдық бюджеттеу) – өтеудің қарастырылған мезгілінде қаражаттарды кейінгі дүркін-дүркін қайтарулармен жабылатын ақшалай қаражаттардың бір жолғы жылыстауы. Бюджеттеу тұжырымдамасы негізгі активтер бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде пайдаланылады, бұл жобаларды талдау және ақшалай қаражаттардың ұзақ мерзімді және ірі жұмсалымы жөнінде шешімдер қабылдаудың үдерісі.
Табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің есеп-қисаптары жобаларды салыстыру және пайдалылықтың пайыздары бойынша инвестициялық шешімдерді таңдау үшін және жобаның есепті табыстылығы мен пайыздың қолданыстағы рыноктық мөлшерлемесін салыстыру және жобаны жүзеге асыру мезгіліне оның болжамы үшін жүргізіледі.
Қаржылық менеджментте фирманың құны (параметрі бойынша көбейеді), меншікті және қарыз капиталы мен оларды қалыптастыруға жұмсалатын шығындардың ара қатынасы бөлігіндегі фирма капиталының құны (параметрі барынша азаяды), дивидендтік саясат, фирманың амортизациялық саясаты сияқты компаниялардың, фирмалардың жұмыс істеуінің іргелі проблемалары қарастырылады.
Фирмалар лизингтік операциялар жүргізеді – кейін оны сатып алу мүмкіндігімен негізгі өндірістік қорларды (капиталды) ұзақ мерзімге жалға алады. Қаржылық лизинг – орта немесе ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде белгілі бір ақыға және белгілі бір шарттарда кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша иеленуге лизинг предметі сатып алынатын лизинг нысаны. Лизингтік операциялар бизнеске бастапқы шығындары біршама аз өндірісті тезірек жөнге салып алуға жағдай жасайды.
Қаржылық менеджменттің маңызды аспекті кәсіпорынның қаржылық жай-күйін талдау болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық орнықтылығын (рентабелділікті, төлем қабілеттілігін, кредитті өтеу қабілеттілігін), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге жарамдылығын) сипаттау үшін қажет.
Талдауға қажетті ақпараттар бухгалтерлік баланста, қаржылық-шаруа­шылықтық қызметтің нәтижелері туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепте болады; сондай-ақ тым егжей-тегжейлі оперативтік ақпарат қолданылады.
Бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерінде шаруашылық жүргізуші субъ­ектінің активтері мен пассивтері туралы мәліметтер болады, олар активтер өтім­ділігінің*8 дәрежесін, бағалы қағаздардың табыстылығын, шаруашылық жүргі­зу­ші субъектінің ағымдағы және стратегиялық мүмкіндіктерін сипаттайтын қаржы­лық коэффициенттерді есептеп шығаруға жағдай жасайды. Коэффициенттерді менеджерлер ішкі бақылау үшін, банк жұмыскерлері мен бағалы қағаздар жөнін­де­гі мамандар шаруашылық жүргізуші субъектінің рейтингін және оның даму перспективаларын айқындау үшін пайдаланады.
Көрсеткіштерді, коэффициенттерді, нормаларды – қаржылық экономикалық механизмнің элементтерін қадағалап отыру кәсіпорындардың жұмысын оперативті басқаруға және бақылауға, бизнес-жоспарда немесе дамыту жобасында берілген қаржылық-шаруашылықтық үдерістерді, бағыттарды дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл көрсеткіштер кәсіпорынның «визиттік картечкесі» болып табылады, инвесторларға, әріптестерге және кредиторларға оның өміршеңдігі, қаржылық орнықтылығы туралы ойлауға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қаржылық менеджмент кәсіпорынның қаржылық қамтамасыз етілуінің тактикасы мен стратегиясы ретінде қаржының тиімді іс-әрекет етуінің мақсаттары үшін оның ағындарын басқаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның жиынтық ақша айналысын басқару бойынша қаржылық менеджменттің стратегиялық нұсқамасы ұдайы өндірістік үдерісті қамтамасыз етуге, берілген критерийлерде қаржылық ресурстарды қалыптастыруға, оларды нысаналы арналым бойынша пайдалануға бағытталған. Қаржылық менеджменттің жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың ішкі және сыртқы факторларын есепке алу негізінде кәсіпорынның ұтымды қаржылық саясатын жүзеге асыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   315




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет