Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам


ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ



бет3/6
Дата17.10.2023
өлшемі41.14 Kb.
#480943
1   2   3   4   5   6
100 нақты қадам

ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
35-қадам. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕРЛЕРІН тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢ АКТІЛЕРІНЕ өзгерістер енгізу.
36-қадам. ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ТҮРІН ӨЗГЕРТУГЕ РҰҚСАТ АЛУ ресімдерін жеңілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒА БЕРУ.
37-қадам. Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру. ТН СЭҚ 6 белгісіндегі біркелкі тауарлар тобы шеңберінде "0-5-12" моделі бойынша Бірыңғай кеден тарифі кедендік мөлшерлемесін қысқарту.
38-қадам. Экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде "БІР ТЕРЕЗЕ" қағидатын енгізу. Электронды жария ету жүйесін дамыту (тауарларды кедендік тазалауға автоматтандырылған жүйені енгізу). Экспорт және импорт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қысқарту.
39-қадам. КЕДЕН ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. Тауар салық салу мақсатында Қазақстан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.
40-қадам. "ПОСТФАКТУМ" КЕДЕНДІК ТАЗАЛАУ РЕЖІМІН ЕНГІЗУ. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру.
41-қадам. МҮЛІКТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫНЫ ЗАҢДАСТЫРУ РЕСІМДЕРІН ОҢАЙЛАТУ. Қолданыстағы заңға өзгертулер және толықтырулар енгізу.
42-қадам. 2017 жылдың 1 қаңтарынан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін КІРІСТІ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫ ЖАЛПЫ ЖАРИЯЛАУДЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ЕНГІЗУ.
43-қадам. САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ӨҢДЕУДІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕЛІСІН ҚҰРУ. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болады. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады.
44-қадам. ЖАНАМА САЛЫҚ САЛУ ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу.
45-қадам. Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы ҚОЛДАНЫСТАҒЫ САЛЫҚ РЕЖІМІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ ("30-20-10") қағидаты енгізіледі. Бірінші саты – архитектуралық жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екінші – эскиз жобаны (дизайн-жобаны) мақұлдау – 20 күнге дейін, үшінші – рұқсаттың өзі – 10 күн ішінде.
47-қадам. Жобалау-сметалық және жобалау құжаттарын сараптамадан өткізуге байланысты МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН БІРТІНДЕП БАС ТАРТУ. Жобаларды сараптауды бәсекелесті ортаға тапсыру.
48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗУ. Құрылыста баға қалыптастырудың жаңа әдісін енгізу материалдардың, бұйымдардың, жабдықтардың және еңбекақының қолданыстағы бағаға сәйкес нақты нарықтық бағасына байланысты құрылыстың сметалық құнын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа материалдармен, жабдықтармен және технологиямен сметалық-нормативтік базаны жедел жаңартуды қамтамасыз етеді.
49-қадам. Кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЕСКІРГЕН НОРМАЛАРЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ОРНЫНА ЕУРОКОДТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ. Жаңа нормативтерді қабылдау инновациялық технологиялар мен материалдарды қолдануға, құрылыс қызметі нарығындағы қазақстандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сонымен бірге құрылыс саласындағы шетелдік қызмет нарығына қазақстандық компаниялардың шығуына мүмкіндік береді.
50-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫН ҚАЙТАДАН ҚҰРУ, "БІРЫҢҒАЙ САТЫП АЛУШЫ" МОДЕЛІН ЕНГІЗУ. Бұл өңірлер арасындағы электр энергиясының әртүрлі тарифтерін реттеуге мүмкіндік береді.
51-қадам. ӨҢІРЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫ (ӨЭК) ІРІЛЕНДІРУ. Бұл энергиямен қамтамасыз етудің сенімділігін арттырады, өңірлерге электр энергиясын таратудың шығынын төмендетеді, тұтынушылар үшін электр энергиясының ақысын азайтады.
52-қадам. ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ СЕКТОРЫНДА САЛАҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫ ЫНТАЛАНДЫРАТЫН ЖАҢА ТАРИФ САЯСАТЫН ЕНГІЗУ. Тариф құрылымын өзгерту. Тарифтерде 2 құрауыш ерекшеленеді: күрделі шығындарды қаржыландыру және электр энергиясы өндірісінің ауыспалы шығындарын жабу үшін пайдаланылатын электр энергиясы үшін төленетін ақы белгіленетін болады. Бұл "шығынды өтеу" әдісі бойынша тарифтерді бекітетін қазіргі ахуалды өзгертуге мүмкіндік береді.
53-қадам. ЭЫДҰ СТАНДАРТТАРЫНА СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТТАРЫНДА МОНОПОЛИЯМЕН ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАРЫН ӨЗГЕРТУ. Қызметті жаңғырту еркін бәсекелесті дамытуға бағытталуға тиіс.
54-қадам. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ. Жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.
55-қадам. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ ҮШІН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЕҢ КЕМІНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ. Халықаралық экономикалық нысандардың жаңа мүмкіндіктері туралы халықаралық бизнесті ақпараттандыру.
56-қадам. Экономиканың басым секторларында "зәкірлік инвесторлармен" – халықаралық стратегиялық серіктестермен ("Эйр Астана", "Теңіз-Шевройл", ҚТЖ локомотивтерін шығару жөніндегі зауыт үлгісі бойынша) БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР құру. Шетелдерден жоғары білікті мамандар тарту үшін АҚШ, КАНАДА, АВСТРАЛИЯ ҮЛГІСІ БОЙЫНША ҚОЛАЙЛЫ КӨШІ-ҚОН РЕЖІМІН қалыптастыру.
57-қадам. ТУРИСТІК КЛАСТЕРЛЕР ҚҰРУДА ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕСІ БАР стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
58-қадам. ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕ БІРЫҢҒАЙ ОПЕРАТОР қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту.
59-қадам. МОЙЫНДАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГОСЕРВИСТІК ШАРТТАР АРҚЫЛЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНА СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Олардың негізгі міндеті: жеке шығындарын өтей отырып, энергия үнемдеу саласында кешенді қызмет көрсету үшін жекеменшік энергия сервистік компанияларды дамытуды ынталандыру және іс жүзінде энергетикалық шығындарды үнемдеуден қаржылай пайда табу.
60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылды.
61-қадам. ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау.
62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған "ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР" БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.
63-қадам. ҒЫЛЫМДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ЕКІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КЛАСТЕРДІ ДАМЫТУ. НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТТЕ "АСТАНА БИЗНЕС КАМПУСТА" ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ЗЕРТХАНАЛАР ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ. Олар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оларды коммерцияландыруға қызмет етеді. Нақты өндірістік жобаларды жүзеге асыру үшін инновациялық технологиялар паркі жергілікті және шетелдік жоғары технологиялы компанияларды тартатын болады.
64-қадам. ӨНДІРІСКЕ ИННОВАЦИЯЛАР ЕНГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТЕТІКТЕРІ бар "Ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Заң әзірленеді. Ғылыми гранттар мен бағдарламалар құрылымдары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының қажеттілігіне орай қайта бағытталады.
65-қадам. ҚАЗАҚСТАНДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨЛІК-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ АҒЫМДАРҒА ИНТЕГРАЦИЯЛАУ. "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТРАНСКОНТИНЕНТАЛДЫҚ ДӘЛІЗ" МУЛЬТИМОДЕЛДІК КӨЛІК ДӘЛІЗІН ҚҰРУ жөніндегі жобаны іске қосу. Ол Азиядан Еуропаға жүктер транзитін кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көлік дәлізі: бірінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Ресей Федерациясына және одан әрі Еуропаға өтеді. Екінші бағыт – Қазақстан аумағы арқылы Қорғастан Ақтау портына дейін, одан әрі Каспий теңізі мен Әзербайжан, содан соң Грузия арқылы. Жобаға болашақта 2014 жылдың аяғында құрылған Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін тарту.
66-қадам. Халықаралық авиациялық хаб құру. Стратегиялық инвесторды тарту арқылы Алматы іргесінен ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ салынатын болады.
67-қадам. "ЭЙР АСТАНА" ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫ ЖӘНЕ "ҚТЖ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫН ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОПЕРАТОР РЕТІНДЕ ДАМЫТУ. "Эйр Астана" халықаралық бағыттарға ыңғайластырылады және әлемнің негізгі қаржы орталықтарына (Нью-Йорк, Токио, Сингапур) жаңа бағыттар ашады. "Эйр Астананың" дамуы "ҚТЖ"-ның баламалы маршруттарды дамыту жөніндегі жоспарымен үйлестіріледі, бұл жүктерді жеткізу құнын екі еседен астам төмендетуге мүмкіндік береді.
68-қадам. Қазақстан арқылы әуе транзитінің тартымдылығын арттыру үшін ӘУЕ ТАСЫМАЛЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТИІМДІЛІГІН жақсарту. Азаматтық авиация комитетінің қызметі британ азаматтық авиациясы мемлекеттік агенттігінің және ЕО авиация қауіпсіздігі агенттігінің үлгілеріне бағдарланатын болады.
69-қадам. Астананы зерттеушілерді, студенттерді, кәсіпкерлерді, барлық өңірлерден туристерді тартатын ЕУРАЗИЯНЫҢ ІСКЕРЛІК, МӘДЕНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛДЫРУ. Мұнымен бірге қалада әуежайдың жаңа терминалын қоса алғанда, қазіргі замандық халықаралық көліктік-логистикалық жүйе құрылады.
70-қадам. ASTANA EXPO – 2017 инфрақұрылымдары арқауында АРНАУЛЫ МӘРТЕБЕ БЕРЕ ОТЫРЫП, АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫН (АІFС) ҚҰРУ. Қаржы орталығының ерекше заңды мәртебесін Конституцияда бекіту. Орталықтың ТМД, сондай-ақ, Батыс және Орталық Азияның барлық өңірлерінің елдері үшін ҚАРЖЫ ХАБЫ ретінде қалыптастыру. ӨЗІНДІК ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ БАР ТӘУЕЛСІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ, ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет істейтін болады. Судьялар корпусы шетелдік мамандардан құрылады. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ ХАБЫ ӘЛЕМНІҢ 20 АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНА ЕНУІ ТИІС.
71-қадам. Қаржы орталығының даму стратегиясын КАПИТАЛ НАРЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ мамандығына сәйкес әзірлеу. Элиталық қаржы қызметінің жаңа түрлерін, соның ішінде private banking активтерді басқару саласындағы қызметтерді дамыту. Орталыққа либералды салық режімін енгізу. Офшорлық қаржылық орталық құрылуы мүмкін. Дубайдың үлгісі бойынша инвестициялық резиденттік қағидатын енгізу.
72-қадам. Қаржы орталығы аумағында ресми тіл ретінде ағылшын тілін енгізу. Орталықтың дербес заңдылықтары АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЖАСАЛЫНУЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ тиіс.
73-қадам. Қаржы орталығының халықаралық көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету. Қаржы орталығының ЖЕТЕКШІ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҚТАРЫМЕН ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ ЖАЙЛЫ ӘУЕ ҚАТЫНАСЫ жүйесін құру.
74-қадам. ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР ҚОРЫ ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРУДІҢ CRIRSCO ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ арқылы жер қойнауларын пайдалану саласының мөлдірлігі мен болжамдылығын арттыру.
75-қадам. Пайдалы қазбалардың барлық түрлері үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, КЕЛІСІМДЕР ЖАСАСУДЫҢ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛҒАН ӘДІСІН енгізу.
76-қадам. ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ кезең-кезеңімен ЕНГІЗУ, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру.
77-қадам. Экономиканың алты негізгі саласы үшін ОН АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ КОЛЛЕДЖ БЕН ОН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату.
78-қадам. Назарбаев Университеті тәжірибесін ескере отырып, ЖОО-ЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ДЕРБЕСТІГІН кезең-кезеңімен кеңейту. Коммерциялық емес ұйымдардағы жекеменшік ЖОО-ларын халықаралық тәжірибеге сәйкес трансформациялау.
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – ДАЯРЛАНАТЫН КАДРЛАРДЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРУ.
80-қадам. МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады.
81-қадам. ЖЕКЕМЕНШІК МЕДИЦИНАНЫ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРГЕ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЕНГІЗУ. Бәсекелестік есебінен қызметтің қолжетімділігі мен сапасын көтеру мақсатында әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайындағы бастапқы медициналық әлеуметтік көмекті қаржыландыру – бәсеке есебінен медициналық ұйымдардың корпоративтік басқару қағидаттарына көшуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарды жекешелендіруді ынталандыру, мемлекеттік емес ұйымдар арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін беруді кеңейту.
82-қадам. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚАСЫНАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН КОМИССИЯНЫ ҚҰРУ. Басты мақсат: медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу (емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау).
83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру. Жаңа ЕҢБЕК КОДЕКСІН әзірлеу.
84-қадам. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет