Ұлт тілі мен мәдениетінен толық ақпарат меңгерген тілдік мәдени құзірет иесі



Дата07.12.2023
өлшемі14.38 Kb.
#485839
Matin


«Тілдік тұлға» ұғымы көптеген гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысаны. Тұлғаның қалыптасуындағы тілдің рөлі орасан зор. Адамның қарым-қатынасы негізгі қасиеттің нәтижесі ретінде анықталады сөйлеу тақырыбын қалыптастыру қасиеттері [1]. Тіл білімінде Г. Штейнтал, В. Вундт, А. А. Шахматов тілдік тұлға туралы идеяларды қолданды, "Тілдік тұлға" ұғымын термин ретінде В.В. Виноградов енгізді. Тілдік тұлғаны зерттеу тіл білімінде адамды тіл, таным, коммуникация бірлігі ретінде зерттеу қажеттілігін мақұлдайды. Соңғы онжылдықта" тілдік тұлға" ұғымы антропологиялық лингвистикада қолданылады, онда ол негізгі орынға ие және тіпті жаңа ғылыми пәнге лингвистикалық персонология деген атау береді.
Ұлт тілі мен мәдениетінен толық ақпарат меңгерген тілдік – мәдени құзірет иесі;
Өзі меңгерген ұлт тілі мен мәдениетін өзгеге таныта отырып, тілді тұтынушы ретінде әрі тілді жасаушы ретінде, тұтастай алғанда, тіл тарихына (синхронды, диахронды күйіне), тілдің дамуына үлес қосушы "Тілдік тұлға" ұғымы көптеген гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысаны. Тұлғаның қалыптасуындағы тілдің рөлі орасан зор. Адамның қарым-қатынасы негізгі қасиеттің нәтижесі ретінде анықталады сөйлеу тақырыбын қалыптастыру қасиеттері [1]. Тіл білімінде Г. Штейнтал, В. Вундт, А. А. Шахматов тілдік тұлға туралы идеяларды қолданды, "Тілдік тұлға" ұғымын термин ретінде В.В. Виноградов енгізді. Тілдік тұлғаны зерттеу тіл білімінде адамды тіл, таным, коммуникация бірлігі ретінде зерттеу қажеттілігін мақұлдайды. Соңғы онжылдықта" тілдік тұлға" ұғымы антропологиялық лингвистикада қолданылады, онда ол негізгі орынға ие және тіпті жаңа ғылыми пәнге лингвистикалық персонология деген атау береді.
Филология ғылымдарының докторы А. Ислам тілдік тұлғаны былайша сипаттайды: «Тілдік тұлға дегеніміз – ұлт тілі мен мәдениетінен толық ақпарат меңгерген тілдік-мәдени құзірет иесі. Ол ұлттық, аймақтық, әлемдік мәдениет ақпаратын меңгеруіне байланысты деңгейлерден тұрады. Тілдік мәдениет құзірет иесі (сатылы деңгейіне сәйкес) ұлттық реңктегі тілдік белгілер мағынасын арнайы сараптама көмегінсіз жалпы мағынасын түсінуге қабілетті». Абай тұлғасын антропоөзектік парадигма тұрғысынан зерттеген Г. Мұратова «тілдік тұлға» мәселесін сөз ете келіп:«Өзі меңгерген ұлт тілі мен мәдениетін өзгеге таныта отырып, тілді тұтынушы ретінде әрі тілді жасаушы ретінде, тұтастай алғанда, тіл тарихына (синхронды, диахронды күйіне), тілдің дамуына қандай үлес қосқанын айқындау мәселесі – тілдік тұлға мәртебесін одан әрі бекіте түсетін немесе оның тағы бір қырын, яғни толыққанды тілдік тұлға болмысын ашатын ұстаным болуға тиіс», – дейді.
Тілдік тұлғаның қалыптасуына мынадай алғышарттар болуы тиіс: 1) ұлттық тәрбие (отбасылық тәрбие); 2) ұлттық тілдегі өлшемдер (қабылданған, қабылданбаған құндылықтар); 3) мәдени ақпарат (салт-дәстүр, әдет-ғұрып); 4) рухани сана (дін қағидалары); 5) үлгі тұтатын тұлғалар (Абай, Шоқан т.б.); 6) озық білім жүйесі; 7) тектілік интеллектісі. Міне, осы қасиеттерді бойына жинаған индивид, саналы адам дәрежесінен тұлға, одан әрі тілдік тұлға дәрежесіне көтеріле алады. Тілдік тұлғаның өзінің болмысына сәйкес қалыптастырған, енгізген сөз саптауы, көзқарасы эталондық сипат дәрежесіне көшеді де оның тілі зерттеу арқауы бола бастайды. Бұл көбіне тілдік тұлғаның дәстүрлі вербальды-семантикалық деңгейінде байқалады.
Тілдік тұлғаның бейнелену деңгейлері

  1. Вербальды – семанитикалық деңгей

  2. Лингвокогнитивті деңгей

  3. Прагматикалық (мотивациялық) деңгей (Ю.Н.Караулов)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет