Ақыры, Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегі бір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- “Қазақты” редакциялап, жарыққа шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі- қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын бұрмалауға наразылық болды. “Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында “Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ. Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа – басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925 жылдың 15-19 сәуір күндері қазақ АКСР- нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол съезде А. Байтұрсынұлы тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің ҚАЗАҚ деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы деп атау жөнінде ұсыныс енгізді. Кеңестер бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР- і деп атауға шешім қабылдады. 1917 жылы А. Байтұрсынұлы газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясының жұмысына араласады, біршама адасушылық күй кешеді. Бірақ сол замандағы қым- қуат саяси күрестің арасынан нақ жолын тапқан ол кейіннен Совет қызметіне белсене араласты. Мемлекеттік қызметкер ретінде үлкен қызметтер атқарып, жас қазақ совет үкіметінің басшыларының бірі болған А. Байтұрсынұлының басына бұлт үйіріліп, бағы таюы да өз халқының басына түскен ауыр күн, зұлматтармен астас болып келеді. Қазақстандағы бар билікті қолына алып, “Кіші октябрь” саясатын жүргізе бастаған Ф. И. Голощекиннің білек сыбана бір көрінген тұсы- ұйып келе жатқан қазақ интеллигенциясын сүтше іріту еді. 1929 жылдың 2 маусымында алғаш қамауға алынған 30- ға тарта оқығандардың алды болып нысанаға, әлбетте, “рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінді. Сол соңғы ұсталған сағаттан кейінгі халдерін Ахаңның қолында тәрбиеленген Самырат Кәкішев естелік кітабында еске алыпты: “Пәтерімізге кіріп келсем, үй ішінде шашылған заттар, сынған ыдыстар жайрап жатыр… Падрес апа жылап отыр екен… Содан соң: “Ой, Самырат, ағаңды НКВД алып кетті қара машинаға салып. “Қайда апара жатырсыңдар?” – деп сұрасам, бір аласа бойлы, қараторы жас жігіт: “О дүниеге,- дейді.- Сұмдық- ай!”- деп сөйлеп жатыр… Сыртқа қарасам, үйімізді студенттер қоршап алыпты, біздің үйіміздің жанында Заң институты бар еді…”
Достарыңызбен бөлісу: |