Ұлттық лириканың туу, дамуы және тарихи даму негіздері Орындаған: А. Ибраева Ғылыми жетекшісі: А.Қажыбай Тақырыптың өзектілігі



бет3/4
Дата10.03.2023
өлшемі1.02 Mb.
#470600
түріДиплом
1   2   3   4
Слайд дипломдық



Зерттеудің ғылыми жаңалығы: 
  • Қазақ лирикасының тарихи негіздері (генезис, эволюция, поэтика мәселелері) тұңғыш рет кең ауқымды тұтас зерттеу объектісіне айналып, теориялық тұрғыдын талданып, жіктелген;
  • Ұлттық лириканың жанрлық дамуы әдебиеттану тұрғысынан сараланып, поэзиядағы тарихи шындық пен көркемдік шындық, әдебиеттегі типтендірудегі жаңаша көзқарастар ғылыми теориялық тұрғыда айқындалды;
  • Көне замандағы лириканың алғашқы нышандары, оның ауыз әдебиетіндегі және жыраулар поэзиясындағы көріністері, шешендік сөздегі көтеріңкі пафосы мен алатын орны жеке дара талданып, өзара тығыз байланыста қарастырылған;
  • Қазақ поэзиясындағы жанрлық қалыптасу, жетілу, толысу кезеңдері сатылай көрсетіліп, жазба әдеби тілді қалыптастырудағы және оны байытудағы лириканың орны анықталған;

Қорғауға ұсынылатын қағидалар: 
  • Зерттеу жұмысында лириканың табиғаты айқындалып, оның жалпы адамзат дамуының алғашқы дәуірлеріндегі екі түрлі болғандығы анықталды. Оның бірі – ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып ауызша жеткізілген ауызекі лирика. Екіншісі – жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданысқа енген жазба лирика;
  • Қазіргі қазақ лирикасы – жан-жақты жетілген, классикалық үрдістерге лайық, әлемдік деңгейдегі талаптарға толық жауап беретін жанр болып табылады. Әдебиеттің өзге жанрларымен салыстырғанда даму қарқыны, өсу жолы бір саты жоғары тұратын қазақ лирикасының зерттелу аймағын тексеру нәтижесінде аталған жанрдың қаншалықты әдеби, өнерлік сипатқа қасиетке ие екендігін аңғаруға мүмкіндік аламыз;
  • Дипломдық жұмыстың тұжырымдамаларының нәтижесі студенттерге кәсіби әдеби білім беруде өлең мәтіндердің құрылымдық ізденістік арналарын жеткілікті дәрежеде қабылдауға және көркем мәтіндерді бағалау қабілеттерін дамытуға ықпал етіп, олардың коммуникативтік, оқырмандық, әдебиеттанушылық құзыреттіліктерін дамытуға, креативтілік шығармашылықтарын белсендіруге, образды және ассоциативті ойлау мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет