Сәби болған кездеріңізде сіздер қандай мінсіз едіңіздер! Балаларға мінсіз болу
үшін ештеңе істеудің қажеті жоқ. Олар мінсіздіктің өзі. Және де біледі, олар –
Жаратылыс аясы. Олар нені керек етсе соны сұраудан қорықпайды. Өздерінің
эмоциясын еркін білдіреді. Сәби ренжіген кезде, бұл туралы көршілердің бәрінің
10
білетінін сіз білесіз. Сондай-ақ сіз сәби шаттанған кезде оның күлкісі бүкіл дүниені
нұрға бөлейтінін де білесіз. Балалар махаббатқа толы. Кішкентай балалар махаббаттың
жоқтығына төзе алмайды. Өсе келе, біз махаббатсыз өмір сүруді үйренеміз. Сондай-ақ
балалар денесінің әрбір бөлшегін жақсы көреді, тіпті өзінің қалдығын да.
Сіздер де сондай болғансыздар! Ал сосын сол уақытқа дейін қорқуға үйреніп
алған үлкендерді тыңдай бастадыңыздар, сөйтіп сіздер біртіндеп өз мінсіздіктерімізді
жоққа шығара бастадыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: