Луиза Хей Көгілдір кітап


Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз проблема болып



Pdf көрінісі
бет20/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115
2 5429156790371615512

Біздің ойымыздағыдай елестеткен «проблеманың» нағыз проблема болып 

шығуы сирек кездеседі 

Мысалы,  артық  салмақты  алайық.  Адамдар  жылдар  бойы  артық  салмақпен  

күреседі,  бірақ  бәрібір    семіз  күйінде  қалады.    Сонда  олар      өмірлеріндегі    барлық 

проблема – олардың толықтығынан деп айта бастайды. Артық  салмақ – тереңірек ішкі  

проблеманың  сыртқы    көрінісі.  Менің  пікірімше,  -  бұл  әрқашан  да  қорқыныш  пен 

қорғанысқа деген қажеттілік. Біз қорқыныш пен өзімізге сенімсіздікті сезінген кезде біз 

соншалықты  «жақсы»  емеспіз  деп  ойлаймыз,  көбіміз  біздің  ағзамызда  қорғаныс  

қызметін атқаратын  майлармен қапталамыз. 

Семіз  болғаның    үшін  үнемі  өзіңді    тұқырту,    артық  желінген  кесіктер  үшін 

өзіңді  кінәлі    сезіну  –    уақытты    босқа    өткізу.  20  жыл  өткеннен  кейін  де    сіз  семіз 

боласыз,  өйткені сіз нағыз проблемаға  тіпті де  маңайлаған  жоқсыз. Сондықтан мен  

жеке    өз  басым    әртүрлі    диеталардан    бас    тартамын.  Диета    көмектеспейді.  Жалғыз 

ғана  ұсынысым  -    бұл  жаман  ойлар  диетасы.  Менің  клиенттерім    семіз  болғандықтан  

өздерін  жақсы    көрмейміз  деп    айтады.  Ал,  мен    түсіндіремін:  олар  өздерін    жақсы  

көрмегендіктен семіз. 

Біз  өзімізді    жақсы    көріп,  құрметтей  бастаған  кезде  барлығы  да  автоматты  

түрде  ғайып болады… 

 

Нағыз проблема 

Сонымен  зиянсыз,  құртақандай  айнаға    қарайды  да,  пациенттің    көңілі  

бұзылады.    Мен  масаттанып    күліп:  «Тамаша,  енді  біз    нағыз  проблеманы    көреміз» 

деймін.    Мен  онымен  өзіңе  деген  махаббаттың    маңыздылығы  туралы  қажеттілікпен 

әңгімелесемін.  Ешқашан,  ешқандай    сылтаумен  ештеңе  үшін  өзіңді    мінеуге 



болмайды, содан өзіңе деген махаббат басталады деймін мен. Мен  өз пациенттерімнен 

не  үшін олар  өздерін сынайды деп сұраймын да, соның ұзын тізімін жасаймын. Олар 

өте    семіз  немесе  өте   арық,  өте   ақылды  немесе   өте   ақымақ,  өте  көріксіз  (бұны  өте 

әдемілері  айтады)  немесе  өте  әдемі.  Аңғарсаңыз  -  әрқашан  «өте».  Ақырында,  істің  

анығына  жетеміз:  «Мен  соншалықты    жақсы  емеспін».  Ура!  Міне,    біз    нағыз 

проблемаға жетеміз. Олар өздерін  сынайды, себебі олар жақсы емеспін дегенге  сенуге  

үйренген.  Біз  бүкіл    энергиямызды    бір    проблеманы    шешуге    жұмсауымыз  керек: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет