ескіріп, бізге олардан құтылу керек болса, оған бола ренжуге болмайды. Олар біздің
өмірімізде өтіп кеткен. Біз өзімізге бүгін түстік жасау үшін кешегі жуындыны
қопармаймыз ғой. Болашақ өмірді жасау үшін ой жуындысын қопарудың да қажеті
жоқ.
Біздің кейбір шектеулі танымдарымызды қарап көрелік: шектеулі таным:
«Мен онша жақсы емеспін». Оның түбірі, әкесінің өз сәбиіне үнемі сен ақымақсың деп
айтуында жатыр.
Шектеулі таным: «Мен өзімді онша жақсы көрмеймін». Оның негізі мынада:
қызы әкесіне ұнаған нәрсені жасауға тырысқан. Олар ешнәрсеге келіспей, үнемі
ұрсыса береді. Қыз әкесінің қолдауын күтті, бірақ оның орнына қатал сынға ұшырып
отырды. Қыз әкесінің жанын ауыртқан оның реніштері екенін түсінген жоқ, сол
сияқты әкесіндегі реніштер де оның өзінің жанын ауыртты.
Шектеулі таным: «Өмір қауіпті». Оның шығу негізі: үрейлі әке… Менің
басқа бір әйел клиентіме өмір қатал да қиын болып көрінді. Оған күлу қиынға түсті,
кейде бұлай істесе осыдан кейін жаман бір нәрсе болардай қорқыныш пайда болды.
Оны: «Күлме, егер күлсең одан ешқашан жақсы болмайды»,- деп қайталай отырып
тәрбиелеген екен.
Жаттығу
Бір парақ қағазды алыңыз да сіз туралы ата-анаңыз айтқан келеңсіздіктердің
тізімін жасаңыз. Қаз-қалпында еске түсіру үшін ең аз дегенде жарты сағат керек.
Олар ақша туралы не айтты? Олар сіздің денеңіз туралы не айтты? Адамдар
арасындағы қарым-қатынастар мен махаббат туралы ше? Сіздің қабілетіңіз туралы ше?
Егер қолыңыздан келсе тізімге әділдікпен қараңыз және өзіңізге: «Маған бұл ойлар
қайдан келген» деп айтыңыз. Таза парақ алайық та, одан әрі аздап жүрейік. Тағы кімнен
сіз үнемі теріс пікір естідіңіз?
- Туыстардан;
- Мұғалімдерден;
- Достардан;
- Билікке иелік етушілерден.
Бәрін жазыңыз. Бұның бәрін жазған кезде, байқаңыз, сіз өзіңізді қалай
сезінесіз. Сіздің қолыңызбен жазылған екі парақ қағаз – бұл сіз тез арада құтылуға
Достарыңызбен бөлісу: |