Луиза Хей Көгілдір кітап


ІІ тарау. Өз тәніңді емде



Pdf көрінісі
бет63/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115
2 5429156790371615512

 

ІІ тарау. Өз тәніңді емде 

(тән ауруының психологиялық себептері және оны жеңудің метафизикалық 

жолдары) 

 

Нақ осы сәттегі күш алу нүктесі 

Күш  алу  нүктесі  біздің  санамызда  –  осы  жерде  және  қазір  қатысып  тұр.  Және, 

ол, біздің ойларымыздың теріс болғанына, бізге кесел келгеніне, төңірегіміздегілермен 

қатынасымыз  бұзылғанына,  ақшаның таусылғанына,  өзіңді-өзің  жек  көре  бастағаныңа 

байланыссыз, өзгерістерді бастау ешқашан кем емес. Бұл уақытқа дейін біздің өміріміз 

бен  тәжірибеміз  біздің  басымызда  тұрған  ойлар  арқылы  құрылған,  біз  ол  ойларды 

ұдайы пайдаланып жүргенбіз. Сөйткенмен бұл ойлар өткеннің еншісінде, бұл мәреден 

біз  өтіп  кеттік.  Біздің  бүгінгі,  нақ  осы  сәттегі  ойларымыз  бен  сөздерімізден  біздің 

ертеңіміз,  арғы  күніміз,  одан  арғы  күніміз,  келесі  апта,  ай,  жыл,  т.т.  байланысты. 

Салмақ нүктесі қашанда осы сәтте тұр. Қазір, міне осы сәтте біз өз өмірімізді өзгертуді 

бастадық. Қандай жеңілдететін ой! Біз өзіміздің бұрынғы санасыздығымыздан арылуды 

бастай  аламыз.  Тап  қазір.  Тіптен  кішкене  ғана  бастапқы  қадам  шешуші  болып  кетуі 

мүмкін.  

Бала  күніңізде  сіз  таза  көңіл  мен  махаббаттың  өзі  болдыңыз.  Сіз  өзіңіздің 

маңыздылығыңызды  сезініп,  өзіңізді  Кеңістіктің  ортасы  деп  сезіндіңіз.  Сізде 

ержүректік мол болатын, сіз өзіңізге не керек болса, соны талап ете алдыңыз және сіз өз 

сезіміңізді  ашық  білдіре  алдыңыз.  Сіз  өз  тәніңізді  сүйдіңіз,  оның  әрбір  мүшесін  сүйе 

білдіңіз.  Сіз  өзіңізді  әбден  жетілген  деп  санадыңыз.  Өмір  шындығы  да  нақ  солай 

болатын. 

Сіз  мына  сөздерді  көп  айтасыз  ба:  “Міне,  мен  қандай  адаммын”  немесе  “Бұл 

солай,  оған ештеңе  жасай алмайсың”. Шын  мәнінде біз “өзімізге  шындық  секілді  боп 

көрінген”  нәрсені  айтамыз.  Әдетте  біздің  сеніміміз  –  ол  өзге  адамдардың  біз 

қабылдаған  және  біздің  өз  көзқарасымыз  жүйесіне  кіргізіп  қойған  пікірі.  Егер  бізді 

балалық шағымызда: бұл өмір – тұнып тұрған қиыншылық деп үйретті десек, онда біз 

осы  пікірмен  сәйкес  келген  ойға  ұдайы  сенеміз  де,  оны  өзіміз  үшін  ақиқат  деп 

қабылдаймыз. “Бейтаныс адамдарға сенбе”, “түнде үйден шықпа”,  “адамдар сені алдап 

кетеді”,  т.с.с.  сөздер  Сізге  зиян.  Одан  да  бізді  жас  кезімізден:  “барлық  жерде  – 

махаббат”,  “адамдар  қандай  мейірімді”,  “маған  ақшаның  келуі  оп-оңай”  деген  сенім 

болған болса, ол біздің өмірімізді нұрландырар еді.  

Біз  өз  сеніміміздің  ақиқат  екендігіне  өте  сирек  күдіктенеміз.  Мысалы,  мен 

өзімнен: “Маған оқу қиын екеніне неге сенемін? Бұл шын мәнінде солай ма? Бұл осы 

қазір  маған  қатысты  дұрыс  па?  Менде  бұл  сенім  қайдан  пайда  болды?  Бұл  сөзге  мен 

озат  ұстаз  солай  деген  соң  сеніп  жүрмін  бе?  Осыған  сенуді  тоқтатқан  дұрыс  емес  пе 

еді?, - деп сұрай алар едім. 

Нақ осы сәтте сіздің басыңызға келе қалған ойды тоқтатыңызшы. Сіз не туралы 

ойладыңыз?  Егер  барлығы  ой  ойлауға  байланысты  болса,  сіз  бұл  ойдың  орындалуын 

қалар ма едіңіз? Ал егер онда қобалжу мен ашу, ауырсыну мен өш алу болса, онда ол ой 




 

28 


сізге қай күйінде қайта оралар еді, қалай ойлайсыз? Егер біз шат өмір кешкіміз келсе, 

онда біздің ойларымыз да жарқын болуы керек. Бізден ой және сөз түрінде не шықса, 

ол сол күйінде бізге қайтып оралады. 

Өз сөзіңізге құлақ салып көріңіз. Егер бір ой сізге үшінші рет қайта оралса, оны 

жазып қойыңыз.  Бұлай болуы, сіздің ойыңыз сіз үшін үлгі болып қалғанын көрсетеді. 

Апта соңында жазып қойған ойларыңыздың тізбегін қарап шықсаңыз, сөздеріңіз сіздің 

өміріңіздегі  оқиғаларға  қай  дәрежеде  сәйкес  келетінін  көресіз.  Өз  ойларыңыз  бен 

сөздеріңізді өзгертуге дайын болыңызшы, сонда сіздің өміріңіз қаншалықты өзгеретінін 

бақылай аласыз. Сөздер мен ойларды таңдауды бақылау арқылы өз өміріңізді бақылау 

мүмкін. Өйткені, сіздің ақылыңызды сізден басқа ешкім пайдалана алмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет