демек мен қауіпсіз жағдайдамын, маған ешқандай қатер төніп тұрған жоқ, өз
«менімді» сақтап тұра аламын. Менің жаным жай тауып тұр. Мен өзімнің қолымның
тамаша сүйектерін сүйемін және бағалаймын!
Маған менің саусақтарым ұнайды
Менің саусақтарым маған көп қуаныштар әкеледі. Маған, өзімнің ұстап көру
және сезіну, сипап көру мен зерттеу, тігу мен жөндеу, орындау және сұлулықты
махаббатпен жасаудағы өз қабілетім ұнайды. Мен саусағымды өмірдің пульсінде
ұстаймын, мен өзімді қоршаған барлық адамдармен келісімде өмір сүремін. Мен,
жұрттың бәріне махаббатпен жанаса алатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің
тамаша саусақтарымды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің тырнақтарым ұнайды
Мен үшін тырнақтарыма қарау – үлкен қуаныш. Мен – қорғаудамын, мен –
қауіпсіз жағдайдамын. Мен тыныштықта тұрғанда, өмірдің ағысына берілгенде,
менің тырнақтарым күшті және қатты болып өседі. Мен өзімнің тамаша
тырнақтарымды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің омыртқам ұнайды
Менің омыртқам – үндестік пен махаббаттың қосылысы. Әрбір омыртқа екі
көрші омыртқамен достық байланыста. Олардың барлығының өзара қарым-
қатынасы байсалды және мінсіз. Менің күшімнің ғана емес, менің иілгіштігімнің де
бастауы – осында. Мен аспанға да жете аламын, жерге де иіле аламын. Мен, маған
бостандық пен қауіпсіздік әкелетін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша
омыртқамды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің арқам ұнайды
Менің арқам - өмірдің өзі. Мен одан моральдық қолдау сезінемін. Мен барлық
қорқыныштарды қуып жібере аламын. Мен өзімді сүйікті сезінемін. Мен үшін, менің
өткенім де, барлық жүріп өткен жолым да маңызды емес. Мен артта қалып қойған
нәрсенің бәрін ұмытамын. Мен бұдан былай өмірдің табиғи дамуына сенемін. Мен,
маған керек нәрсенің бәрін беретін ойларды таңдаймын. Өмір маған, одан күткен
кезімде де, одан күтпеген кезімде де оңынан қарайды. Өмір – ең керек нәрсе екенін мен
білемін. Өмірге деген махаббат мені батыл және келбетті етеді. Мен өзімнің тамаша
арқамды сүйемін және бағалаймын!
Маған менің иілген мүсінім ұнайды
Құдай маған икемді болып, мәжнүн талдың сабақтары суда қалай жүзсе,
өмірде солай жүзе алатындай иілген мүсін берді. Мен еңкейе аламын, созыла аламын,
бірақ барлық уақытта қалыпты жағдайыма келемін. Мен, иілген және көнбіс адам
38
болу мүмкіндігін арттыратын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің тамаша иілген
мүсінімді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің көкірек жасушам ұнайды
Мен өзгелерге қанша берсем, сонша аламын. Мен өмірден өзіме не керек болса,
соны аламын. Мен өзімнің жеке мүмкіндігімнің молдығын сақтай отырып, өзгелерді
қандай күйде болса солай болу құқығын мойындаймын. Өмір біздің барлығымызды
қорғайды. Біздің өсуімізге ештеңе кедергі бола алмайды. Мен өзгелерге тек махаббат
қана беремін. Мен, біздің бәрімізге еркіндік беретін ойларды таңдаймын. Мен өзімнің
тамаша кеудемді сүйемін және бағалаймын!
Маған менің өкпем ұнайды
Достарыңызбен бөлісу: |