Мен өмірде тек жақсы нәрсеге ғана лайықпын
Сіз не қаласаңыз, соның барлығына қол жеткізе алатыныңызға сенесіз бе?
Сенбесеңіз, енді сіз жоғарыдағы сұрақтың шешімін таба алмайсыз. Сенсеңіз, онда
сіздің өміріңізде сізге көп қуаныш әкелетін бір нәрсе пайда болады.
«Менің лайықты еңбегім бар» деген жаттығу
Тағы да айнаға қараңыз да: “Менің Сізге бұл нәрсені иеленуге (немесе осылай
болуға) лайықты еңбегім бар және соны қазір қабылдаймын” деңіз. Осылай деп екі
немесе үш рет айтыңыз. Айтып тұрған кезіңізде өзіңіздің дене қимылдарыңызды
бақылаңыз. Өз айтқаныңызға өзіңіз сеніп тұрсыз ба? Егер сізде бұл сөздерге қарсы
қимыл байқалса, онда: “Маған қарсылық білдіріп тұрған нәрселерден өзімді азат
етемін. Менің лайықты еңбегім бар” деген алдыңғы сенімге қайта оралыңыз.
Осыны өзіңізге сансыз рет қайталаңыз, керек болса бірнеше күн бойына
жеңілдік сезінгенше айта беріңіз.
Өмірде өзгерістер туғызу үшін біздің жұмысымызда холестикалық
философияны пайдалануымыз керек, бұндай философия дененің, сананың және рухтың
бұзылмас одағын туғызады. Егер біз жоғарыда аталғандардың біреуін қоспай қойсақ,
онда “бүтіндік” болмайды. Сіздің денеңізге дұрыс тамақтану мен дене шынықтыруды
енгізу бірдей керек. Гомеопатия ілімінде түрлі шөптермен, витаминдермен және
арнаулы емдермен ішкі органдарды тазарту жолдары бар. Егер спорт жөнінде айтсақ,
оның өз көңіліңізге жаққан түрін таңдаңыз. Мұнда йога, массаж, тері рефлексіне
байланысты жаттығулар (рефлексотерапия) тиімді. Сананы жетілдіру ісінде гипноз,
аффирмация, түс көрудің мағынасын реттеу істері жақсы.
Медитация – біздің дамуымызға жәрдем беретін тамаша нәрселердің бірі. Мен,
әдетте, тыныштық орнаған бір жерге отырып: “Маған нені білу керек?” деп өзімнен-
өзім сұраймын. Сөйтемін де, тыныш күйі жауабын күтемін. Жауап келсе өте жақсы,
27
келмесе де жақсы. Жауап, қашан болсын бір келеді. Егер сізде бір рухани топқа қосылу
мүмкіндігі болса, онда міндетті түрде солай жасаңыз.
Жоғарыда айтылғаннан басқа, әрине, құлшылық ету рәсімі бар. Ол арқылы да
жоғарғы бастаумен байланысқа шығуға болады. Мен үшін рухани нәрселер – кешіру
және сөзсіз (ешқандай шартпен шектелмеген) махаббат. Мен сіздің өзіңіз қол жеткізе
алатын өте көп ұлы тәсілдер бар екенін білсін деп отырмын. Егер біреуі іске қосылмаса,
екіншісін көріңіз. Сізге қайсысы дұрыс келетінін айта алмаймын. Сіз оған өз
тәжірибеңізбен келуіңіз керек.
Сіз үшін мен тек сау жүруіңіз үшін қиын жолдағы бір саты секілдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |