Махаббатпен емдеу
Менің болмысымның терең ортасында махаббаттың таусылмас қоры бар. Мен
сол махаббаттың сыртқа шығуына мүмкіндік беремін. Ол менің жүрегімді, тәнімді,
ақыл-ойымды, санамды, менің бар болмысымды толтырып тұр, менен жан-жаққа нұр
шашып, одан бірнеше есе ұлғайып, өзіме қайта оралады. Мен махаббатты қаншалықты
мол қабылдасам, соншалықты көп етіп қайтаруым керек, оның қоры шексіз. Махаббат
маған жақсы көңіл-күй сыйлайды, ол – менің ішкі қуанышымның көрінісі. Мен өзімді
жақсы көремін, сондықтан мен өзімнің тәніме махаббатпен қамқорлық жасаймын. Мен
қайырымдылықпен оны жақсы дәммен және сусынмен тамақтандырамын. Мен оны
махаббатпен жасандырып, киіндіремін. Тән де маған өзінің саулығы мен қуатын
сыйлайды. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме барлық талаптарыма сай
келетін, сонда тұру жақсы көңіл-күй әкелетін, қолайлы мекен-жай алдым. Мен
бөлмелерді махаббат дірілімен толтырамын, ол махаббатты кірген адамдардың бәрі,
соның ішінде өзім де сезіп көңілі қош болатындай етемін.
Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан өзіме ұнайтын, одан рахат алатын, менің
дарыным мен қабілетімді аша алатын жерде жұмыс істеймін. Мен адамдармен және
өзім ұнататын, мені жақсы көретін адамдар үшін жұмыс істеймін, айлығым да жақсы.
35
Мен өзімді жақсы көремін, өйткені менің мінезімде және ойларымда барлық адамдарға
махаббатпен қараймын, өйткені менің бергенім өзіме көп есе болып қайта оралатынына
мен сенемін. Менің ішкі әлеміме мен тек өзімді жақсы көретін адамдарды шақырамын,
себебі олардан менің өз болмысым айнадан көрінгендей көрінеді. Мен өзімді жақсы
көремін, сондықтан да мен кешіре білемін, өткенді және барлық өткен тәжірибемді
ұмытамын, сөйтіп бостандық аламын. Мен өзімді жақсы көремін, сондықтан да тек
бүгінгі күнмен, оның әрбір сәтінен рахат ала өмір сүремін және мені жарқын да
қуанышты болашақ күтіп тұрғанына сенемін, өйткені мен Кеңістіктің сүйкімді
баласымын, ол мен үшін қазір де, болашақта да қамқорлық жасайды. Шын мәнінде бұл
солай.
Мен сіздерді сүйемін.
Достарыңызбен бөлісу: |