Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет70/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115
2 5429156790371615512

қабылдаймын.  Менде  өмірге  деген  жақсы  сүйіспеншілік  бар.  Мен  қай  нәрсе  болсын 

махаббатпен  айтуға  мүмкіндік  беретін  ойларды  таңдаймын.  Мен  не  ойласам  соны 

батыл жеткізе аламын, себебі мен өз бағамды білемін. Мен өзімнің тамаша аузымды 

сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің тістерім ұнайды 



Менің  тістерім  сау  және  мықты.  Мен  өмірге  қуанышпен  қараймын.  Мен 

өзімнің  өткен  тәжірибемді  толық  ой  елегінен  өткіземін.  Мен  –  табанды  адаммын. 

Менің  шешім  алуым  оңай  және  оны  өзгертпеймін.  Мен  өзіме  мықты  ішкі  негіз 

болатын ойларды таңдаймын. Мен өзімнің Ішкі Ақылыма сенемін, өйткені мен қандай 

таңдау  жасасам  да,  ол  маған  сол  сәтте  ең  тиімдісі  болып  шығады.  Мен  өзімнің 

тамаша тістерімді сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің тісімнің еттері ұнайды 



Менің тістерімнің еттері – денсаулық кепілі. Олар менің тістерімді ұстап тұр 

және  оны  қорғайды.  Маған  өз  шешімдерімді  орындау  оңай.  Шешімдерімді  мен  ішкі 

сенімдеріммен салыстырып  аламын.  Мен  тек  Ақыл  мен  Ақиқатты  ғана  басшылыққа 

аламын.  Мен  өз  өмірімде  дұрыс  әрекеттерге  әкелетін  ойларды  таңдап  аламын.  Мен 

өзімнің тісімнің тамаша еттерін сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің дауысым ұнайды 



Мен  өз  пікірімді  ашық  айта  аламын.  Мен  не  ойласам,  соны  айтамын.  Менің 

сөздерім  -  өмір  музыкасы.  Мен  әсемдік  пен  алғысты  білдіретін  сөздерді  таңдаймын. 

Мен  өмірмен  толық  бірлікте  екенімді  мәлімдеймін.  Мен  өзімнің  тамаша  дауысымды 

сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің мойным ұнайды 



Мен өзге пікірлердің болуын және мақсатқа жетудің өзге де жолдары болуын 

қабылдауға  әзірмін.  Мен  мұның  бәрін  еркін  мойындаймын.  Мен  өзгерістерге 

ұмтыламын.  Мен  өзімнің  идеялардағы  биязылығымды  және  шығармашылық 

ерекшелігімді  сақтап  қалуға  зияны  тимейтін  ойларды  таңдаймын.  Мен  өз  ойымды 

еркін және қуанышпен жеткізе аламын. Мен өзімнің тамаша мойнымды сүйемін және 

бағалаймын! 

 

Маған менің қолдарым ұнайды 



Мен  өзімді  және  өзімнің  сүйіктілерімді  қорғаймын.  Мен  өмірден 

рахаттанамын.  Мен  өмірдің  түрлі  жағдайларын  дұрыс  қабылдау  қабілетіне  иемін. 

Мен,  маған  өзгерістерді  жеңіл  қабылдауға  және  кез-келген  бағытта  алға  жылжуға 

мүмкіндік  беретін  ойларды  таңдаймын.  Мен  –  мықты,  қабілетті  және  қайраткер 

адаммын. Мен өзімнің тамаша қолдарымды сүйемін және бағалаймын! 


 

37 


 

Маған менің қолымның сырты ұнайды 



Менің қолымның терісі жұмсақ әрі әдемі. Мен рахаттарға еркін беріле аламын. 

Мен  барлық  алған  жақсылықтарыма  лайықпын.  Мен,  өзімде  бар  барлық  нәрседен 

рахат  алуға  болатын  ойларды  таңдаймын.  Мен  өзімнің  қолымның  тамаша  сыртын 

сүйемін және бағалаймын! 

 

Маған менің қолымның сүйектері ұнайды 



Менің қолымның сүйектері қалай қаласа, солай өмір сүре алады. Олар, адамдар 

мен  оқиғаларға  қалай  қарым-қатынас  жасау  керектігін  біледі.  Мен,  өзімнің  өмір 

сүруіме  жеңіл  әрі  қуанышты  болатын  ойларды  таңдаймын.  Барлығы  Киелі  Құқық 

анықтаған  Тәртіпке  сәйкес  өтіп  жатыр.  Мен  өмірге  махаббатпен  қарай  аламын, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет