Луиза Хей Көгілдір кітап


Айып сезімі толыққанды болмау комплексін тудырады



Pdf көрінісі
бет81/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115
2 5429156790371615512

Айып сезімі толыққанды болмау комплексін тудырады 

Сіз  байқайсыз  ба,  адамдар  сізге  реніш  туғызатын  сөздерді  жиі  айтады.  Оны 

олардың  сізді  жеңілірек  басқарып-бағындырғысы  келетіндігімен  деп  түсіндіруге 

болады.  

Көп  ата-аналар балаларын  айып  сезімі  болатындай  етіп  тәрбиелеуге  тырысады. 

Өйткені  олардың  өздері  сондай  тәрбие  көрген.  Көп  адамдар  ересек  болған  соң  да 

туыстары  мен  жақындарының  әсерінде  қалып  қояды.    Осының  бәрі  адамның  өзінің 

өзіне  деген  құрметінің  аздығынан,  әйтпегенде  ондай  жағдайға  жібермес  еді.  Содан 

барып олар да өзге адамдармен айлалы әрекет жасауға әзір тұрады. 

Осы  орайда  «Жоқ»  деп  айта  білудің  маңызы  зор.  Адамдардың  қойып  отырған 

айыбының мағынасыз екенін бетке айтудан жасқанбау керек. Ол үшін ашу шақырудың, 

ренжудің керегі жоқ. Тек қана олар ойнап жатқан ойынмен ойнағысы келмейтінін айту 

жетерлік.  

Егер сіз істеген ісіңіз үшін өкінсеңіз дереу тоқтатыңыз. Уақыты өтіп кеткен бір 

ісіңізге өкіне қалсаңыз өзіңізді-өзіңіз кешіріңіз. Егер одан біреуге шығын келген болса, 

шығынды жабуға тырысыңыз және ондай қателікті келешекте қайталамаңыз.  

Діни ұйымдар адамдарға айып сезімін егуге әзір тұрады. Осылайша адамдарды 

бағыныста ұстау оңай, белгілі бір шеңбер не төртбұрыш ішінде тұрған жөн саналады.  

Өз эмоциясын басып тастау арқылы және бәрін ішіне сақтау арқылы адамда ішкі 

аласапыран пайда болады. Оларды сыртқа шығарып тастап тұру керек. Ол үшін мына 

сөздерді қайталап тұру да жетерлік болуы мүмкін: 

- қазір мен өзімдегі барлық ескі түсініктерді бетімен қоя беремін

- маған өзгеріп тұру ұнайды

- менің алдағы жолдарым кедергілерден азат

- мен өткендерімнен азатпын. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет