Реніш түрлі кеселдерге себеп
Реніш – ұзақ уақыттан бері басып тастап келе жатқан ашудың қорытындысынан
пайда болады. Ол адам денесінің бір жерінде жиналады. Уақыты келгенде реніш адам
организмін жалмай бастайды. Сондықтан сезімдерді өз уақытында еркіндікке босатып
қоя берген жөн.
Отбасындағы тыйымдарда, әсіресе қыз балаларға ашулану әдепсіздік деп
үйретеді. Сондықтан біздер ашуды жұтуға әдеттенгенбіз. Моллюсканың құмның бір
түйірін алып оны перламутрмен орай беруінің нәтижесінде маржан пайда болады. Егер
біз ашуды ішімізге жинап, сезімдерімізбен орай берсек, онда дененің сол ашу тоқтаған
жерінде ісік пайда болады, ол кейде қатерлі ісікке айналып кетуі мүмкін. Сондықтан біз
өз уайымдарымыздан босанғымыз келсе онда алға шығып, оларды артқа тастап кетуіміз
керек.
Біз өзіміздің сәтсіздіктеріміз бен бір істі көңіліміздегідей етіп орындай
алмағанымыз үшін өзімізді айыптамағанымыз жөн. Біз өзімізді айыпты сезінбеуіміз
керек. Ешкім де ДҰРЫС ЖАСАМАЙ жатқан жоқ. Кез-келген адам өз түсінігі мен
нақты жағдайды санасында қалай қабылдаған болса, соған қарап іс-әрекет жасайды. Біз
ӨЗ ІШІМІЗДЕГІ КҮШКЕ иеміз және бұл өмірге бір нәрселерді үйренуге келгенбіз. Кез-
келген жол дұрыс, себебі ол – ЖОЛ.
Достарыңызбен бөлісу: |