Луиза Хей Көгілдір кітап


-бөлім. Ішкі ақылдан сұрау



Pdf көрінісі
бет101/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
2 5429156790371615512

4-бөлім. Ішкі ақылдан сұрау 

Егер оң өзгерістер мен айығуға алып келетін әрекет болмаса, кез-келген теория 

пайдасыз. 

 

Өркендеуге қалай жетуге болады 

Біз  қорқып  тұрсақ,  барлығын  өзіміздің  бақылауымызға  алуға  тырысамыз. 

Осылайша  біз  өмірімізде  болатын  оң  өзгерістерге  тосқауыл  қоямыз.  Өмірге  сеніңіз. 

Онда бізге керектің бәрі бар. 

Көп  адамдар  ашық  болудан  қорқады,  өйткені  бір  «жарамсыз  нәрсені»  жіберіп 

аламын ба деп қорқады. Ішкі күйді өзгертпесе солай бола кетуі де мүмкін. 

ӨРКЕНДЕУ десе көбіміздің ойымызға ақша келеді. Бірақ оған уақыт, махаббат, 

жетістік,  жайлылық,  әсемдік,  білім,  қарым-қатынас,  денсаулық  және  содан  соң  барып 

ақша жатады.  

Егер  сіз  ылғи  да  асығумен  болып,  сонда  да  уақыт  жеткізе  алмасаңыз,  онда  сіз 

уақыттың  жетпей  қалатынына  сенгендігіңізден.  Егер  сіз  ешқашан  жетістіктерге  жете 

алмаймын десеңіз, ол сөздеріңіздің орындалуы оңайлайды. Сіз өмірдің қиыншылықтар 

мен  салмақтары  ауыр  екендігіне  сенсеңіз,  онда  ұдайы  жайсыздықта  боласыз.  Өзіңізді 

топаспын  деп  санасаңыз,  даналыққа  жол  ашылмайды.  Егер  сізде  адамдармен  қарым-

қатынаста махаббат кемшін болса, сізге өзіңізге де махаббатты шақыруға жол жабыла 

бастайды. 

Ал  әсемдік  ше?  Сіз  жан-жағыңыздағы  әсемдікті  көре  аласыз  ба  және  оның 

Жерде өте мол екеніне сенесіз бе, жоқ, сізге барлығы көріксіз және мардымсыз көріне 

ме? Ақшаға келсек, көбіміз бізге ақша ылғи да жетпейді дейміз. Сіздің талабыңыз сіздің 

ресурстарыңызға сай ма? Сізге ол соманы кім анықтады? 

Осының бәрі де бір нәрсені біреуден алу идеясына қатысы жоқ. Адамдар әдетте 

былай  ойлайды:  «Мен  мынаны  алғым  келеді,  мен  ананы  алғым  келеді».  Бірақ 

молшылық пен өркендеу – біздің қабылдай білу қабілетімізге байланысты.  Егер сіз бір 

нәрсені  ҚАБЫЛДАЙ  алмасаңыз,  онда  сіздің    бір  себеппен  оны  қабылдауға  әзір 

еместігіңізден.  Егер  біз  өмірге  сараңдық  пен  қараулық  жасасақ,  ол  да  солайша  жауап 

береді. Егер біз одан ұрлағымыз келсе, онда ол да бізді тонайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет