Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет109/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115
2 5429156790371615512

Шексіз мүмкіндіктер 

Біздің  әрбіріміз  Әлеммен  және  өмірмен  үздіксіз  байланыстамыз.  Өз  ішіміздегі 

күш біздің санамыздың көкжиегін кеңітеді. 

Мына  сөздер  маған  өте  ұнайды:  ШЕКСІЗ  МҮМКІНДІКТЕР.  «Бұл  іс  қолымнан 

келмейді»,  «Мен  әлі  жаспын»,  «Оған  ақша  қайда»  деген  сөздер  адамның  мүмкіндігін 

тежейді.  

Пайым  мен  пікірдің  айырмашылығы  бар.  Пікір  –  сіздің  бұл  мәселеге  қалай 

қарайтындығыңыз. «Мен ақ көйлек емес көк көйлекті ұнатамын» десеңіз, ол – пікір. Ал 

сіз  ақ  көйлек  киген  біреу  туралы  сөз  айтсаңыз,  ол  –  пайымдау.  Сын  айтқанда,  ол 

бағытталған адамға немесе сіздің өзіңізге зиян тигізетіні есте болсын. 

Біреуді ренжітсеңіз – кешірім сұраңыз да, қайтып ренжітпеңіз. Өзіңізді айыптай 

берсеңіз  өзіңізді  ішкі  даналығыңыздай  ажырататын  қорған  соғасыз.  Айып  сезімінің 

сізді  басқарып  кетуіне  мүмкіндік  бермеңіз,  олай  етсеңіз  ол  сіздің  өміріңізге  енетін 

барлық жақсы және сүйкімді нәрселерді сізге жібермей қояды. 

Әрбір проблемаңызға өзіңізді жетілдіру мүмкіндігі ретінде қараңыз.  

Біздің  мақсатымыз  өз  санамыздың  шекарасын  кеңіту,  ескі  үйреншікті  қалыпты 

тастап  алға  қарай  жаңа,  сыналмаған  жолды  бастау.    Біздің  санамыз  бұл  әлемде 

ғажайыптарды жасай алады. 

Шексіз  мүмкіндіктер  –  біздің  планетамызда  және  одан  тыс  жерде  қызмет  етіп 

жатқан барлық күштердің бірлігі.  

Біз  өз  миымыздың  10  пайызын  ғана  пайдаланады  екенбіз.  Қалған  бөлігі  бос 

жатыр,  соны  пайдалануға  өзімізге-өзіміз  әсер  етпейміз.  Өйтпейтініміз  -  өз  күшімізге 

сенбейміз. Өйткені жас кезімізде біздердің әрбірімізде болған телепатия мен телекинез 

секілді  ерекше  қабілеттерімізді  ата-аналарымыз  бен  өзге  де  тыйым  салушылар 

жоғалтып жіберген.  



 

63 


Менімен  бірге:  «МЕН  ШЕКСІЗ  МҮМКІНДІКТЕР  ӘЛЕМІНДЕ  ӨМІР  СҮРІП 

КЕЛЕМІН.  МЕНДЕ  БӘРІ  ЖАҚСЫ»  деп  қайталаңыз.    Осы  сөздер  жөнінде  бір  сәт 

ойланыңыз.  БАРЛЫҒЫ  ЖАҚСЫ.  Бір  жері  ғана  емес,  аз  ғана  емес,  БӘРІ  ЖАҚСЫ. 

Осылай  болатынына  сеніп  сіз  жауаптар  мен  шешімдердің  өз  өміріңізге  енуіне 

жәрдемдесесіз.  

Мүмкіндіктер шексіз. Ал біз оны пайдалана білеміз бе, ол біздің жеке ісіміз. Біз 

я «төрт қабырға» арасында қалып қоямыз, я болмаса бостандыққа суырылып шығамыз 

және  өмір  ұсынған  жаңа  тәжірибеден  рахат  аламыз.  Өзіңізге  шыншыл  қарауға 

тырысыңыз.  Ішіңізде  болып  жатқан  процестерді,  өз  сезінуіңізді,  әсеріңізді, 

нанымыңызды    бақылаңыз.  Түсінік беру  мен  қатты  пікірлерден  қашыңыз.  Осылай  ете 

алғаныңызда сіз өзіңіздің шексіз мүмкіндіктеріңізді пайдалана бастайсыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет