менің өзгергім келеді. Жаратылыс күші сіздің ниетіңізге автоматты түрде
көмектеседі, ал сіз өз өміріңіздегі көптеген өзгерістерді таңқала отырып тап басасыз.
Өзге жаттығу
Айнаға жақындап, өзіңізге: «Менің өзгергім келеді» деңіз. Осы кезде өзіңізді
қалай сезінетініңізге көңіл бөліңіз. Егер сіз қарсыласып немесе қобалжып
тұрғаныңызды байқасаңыз, өзіңізден сұраңыз – неге? Құдай үшін, өзіңізге ұрыспаңыз,
көңіліңізге түйіп қойыңыз. Қандай пікір немесе ой сізді бұлай сезінуге мәжбүр етеді.
Оның қайдан келгенін сіз білесіз бе, жоқ па, оған қарамастан оны сіз жоқ қылып
жіберуіңіз керек. Тағы да айнаға жақын келіп, көзіңізге тесіле қарап, қолыңызбен
тамағыңызды ұстаңыз және 10 рет: «Мен барлық қарсылықтардан құтылуым керек»
деп айтыңыз. Айнамен жұмыс істеу жақсы көмектеседі. Өзіңнің көзіңе қарап өзің
туралы жақсы пікір айту – жақсы нәтижелерге жетудің ең жылдам әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |