Луиза Хей Көгілдір кітап


Кешіру. Өте маңызды тарау



Pdf көрінісі
бет35/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115
2 5429156790371615512

Кешіру. Өте маңызды тарау 

Сіз бен біздің келесі қадамымыз – кешіру. Бүкіл сұрақтар мен проблемалардың 

жауабы  кешірім  жасауда  жатыр.  Біздің  өмірімізде,  қандай    сипатта  болғанына 

қарамастан, проблемалар туындап жатса, онда бізге  біреуді кешіру қажет екенін мен өз 

жеке    басымның  тәжірибесінен  білемін.      Махаббат  –  біздің  кез-келген 



проблемаларымыздың    жалғыз  жауабы,  және  бұндай  халге  жетудің  жолы  – 

кешіруде жатыр. Кешіру – ренішті сейілту. Оның бірнеше әдісі бар. 

 

Ренішті сейілтетін жаттығу 

Бір  тыныш  жерде отырыңыз, денеңізді  бос  ұстаңыз. Сіз алакөлеңке  театрда  

отырмын, ал алдымда шағын сахна деп көзге  елестетіңіз. Сахнаға  сіз кешіруге тиісті 

адамды қойыңыз (дүниеде ең жек көретін адамыңыз).  Бұл адам тірі немесе өлі болуы 

мүмкін, сондай-ақ сіздің жек көру сезіміңіз де не өткен шақтікі не осы шақтікі. Сіз бұл 

адамды анық көрген кезде, ол адамның өмірінде үлкен маңызға ие жақсылықтар болып 

жатыр  деп    елестетіңіз.  Оны  жайдары  және  бақытты  күйде  көзіңізге  елестетіңіз.  Осы  

образды  өз  елестетуіңізде  бірнеше  минут  ұстап  тұрыңыз,  сосын  жойып  жіберуіңізге 

болады. 

Сосын,  сіз  кешіруге  тиіс  адам  сахнаны  босатады,  ол  жерге  өзіңізді    қойыңыз. 

Өзіңізді бақытты да жайдары қылып елестетіңіз. Және Жаратылыстың мейірімі біздің 



 

17 


бәрімізге  де  жететінін  біліңіз.  Бұл  жаттығу  қордаланған  реніштердің  қара  бұлттарын 

сейілтеді. Кейбіреулерге  бұл  жаттығу өте қиын болып көрінуі мүмкін. Бұл жаттығуды 

жасаған сайын қиялыңызда түрлі адамдарды суреттеуге болады. Бұл жаттығуды бір ай  

бойы  күніне  бір  реттен  жасап  тұрыңыз  және  қаншалықты    жеңілденгеніңізді  

бақылаңыз.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет