Луиза Хей Көгілдір кітап



Pdf көрінісі
бет32/115
Дата02.01.2022
өлшемі0.6 Mb.
#452712
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115
2 5429156790371615512

«Азаттық» жаттығуы 

Терең  дем  алыңыз,  сосын  ауаның  бәрін  сыртқа  шығарыңыз.  Денеңізді 

босатыңыз.  Сосын  өзіңізге  айтыңыз:  «Менің  азат  болғым  келеді.  Мен  еңсені  басқан 

барлық  салмақтан  босаймын.  Өзіммен  өзім  жарасым  табамын.  Мен  өмір  процесінің 

өзінен жарасым табамын. Қауіп-қатерден тыспын». Бұл жаттығуды үш рет қайталаңыз. 

Сіз  қиын  жағдайда  тұрғандай    болсаңыз,  осы  сөздерді  қайталаңыз.  Сонда  бұл  сөздер 

сіздің  бір  бөлшегіңізге  айналады  және  қалыпты  болғаны  соншалықты,  барлық  салмақ 

пен  күн  сайынғы  күрес  біртіндеп  сіздің  өміріңізден    жоғалады.  Денеңізді бос  ұстаңыз 

және жақсы нәрсе туралы ойланыңыз. Бұл сондай оңай. 

 

Тәни  босаңсу 

Кейде  сізге  тәни  босаңсу  қажет.  Біз  тап  келетін  жағдайлардағы  келеңсіз 

тәжірибелер  мен  басымыздан  өткеретін  эмоциялар  көбіне  біздің  тәнімізде  қалады. 

Бұдан  тәни  азат  болу  формасының  бірі  -  машинаның    немесе  үйдің  терезесін  жауып, 



 

16 


бар  күшіңмен  айқай  салу.  Бар  күшіңмен  жастықты  немесе  керуетті  ұрғылау  –  келесі 

залалсыз  әдістің  бірі.  Әртүрлі    спортпен  шұғылдану  немесе  жылдам  жүру  де  тура 

осындай  нәтижеге  алып  келеді.  Жақында,  бір-екі  күннің  бедерінде  иығым  сұмдық 

қатты  ауырды.  Ауруға  көңіл  аударғым  келмеді,  бірақ  ол  кетпеді.  Сонда  мен  өзімнен  

сұрадым:  «не    болып    жатыр,  мәселе    неде?  Мені    не  алаңдатады?».  Мен  жауап 

таппадым,  сондықтан  өзіме:  «Ендеше,  қарап  көрелік»  дедім.  Керуетке    екі    үлкен 

жастықты қойдым да, оны бар күшіммен төмпештей  бастадым. 12 соққыдан кейін мені  

не  ашуландыратынын  анық    білдім.  Бәрі    анық  болды,  мен  жастықты  одан сайын  ұра 

бастадым, осылай мен өзімді  ашулану сезімінен азат еттім. Аяқтап болып, мен өзімді 

әлдеқайда жеңіл  сезіндім, ал келесі күні ауру тіптен жоғалды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет