18
Телефонды қалай пайдалану керек?
Қонақ үйде болғанда, нөмірден нөмірге телефон соғу үшін бөлменің нөмірін,
егер ол
төрт нөмірден тұрса, тікелей теріңіз. Егер бөлменің нөмірі үш
цифрдан тұрса, басында «0»-ді содан кейін бөлменің нөмірін теріңіз.
Қонақ үйден тыс нөмірге байланыс жасау үшін (сыртқы байланыс жолы)
«8»-ді теріңіз.
Түркияның ішінде қалааралық телефон соғу үшін
жергілікті кодты және
абоненттің нөмірін теріңіз.
Түркиядан басқа елге халықаралық телефон соғу үшін ең алдымен «07»-ні
теріңіздер де, халықаралық байланыс желісімен байланыстың сигналы – ұзақ
гудок болғанша 1 сикунд күтіңдер.содан кейін телефон соғып отырған елдің
халықаралық кодын ары қарай ондағы қаланың кодын (бірінші «0»-сіз) және
ақырында абоненттің нөмірін теріңдер.
Түркияның кез келген ауданы бойынша ақпарат алу үшін «0»- ді, содан соң
қажет ауданның жергілікті кодын теріңіз.
Болат пен Қайрат Түркияда демалуда.
Олар Стамбулда бір апта болып,
содан кейін болаттың апасының хал-жайын білу үшін
Сакарияға баруды
жоспарлады.
Алдыңғы бетте Болат «Стамбулдың халықаралық отелі» қонақ үйіндегі
телефонның жанынан тауып алған мәлімет берілген. Осы мәліметті келесі
сұрақтарға жауап беру үшін пайдаланыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: