М. А. Галимжанова п.ғ. к., Халықаралық ақпараттандыру академиясының Академигі, «Өрлеу»



Pdf көрінісі
бет35/50
Дата17.11.2023
өлшемі2.35 Mb.
#483515
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50
Dauletova-N.-1-PIZA

Сұрақ 67: АМАНДА МЕН ГЕРЦОГИНЯ
Төменде келтірілген кестеде осы пьеса үзіндісінің қойылымына қатысатын 
театр мамандары тізілген. А мәтінінен театр мамандарының қатысуын талап 
ететін көрініс бойынша бір нұсқауды жазып, кестені толтырыңыз.
Бірінші мысалда қалай жұмыс жасау керектігі көрсетілген. 
Театр маманы 
Көрініс бойынша нұсқаулар 
Суретші- дизайнер 
Шағын 
ескерткіштің 
жанындағы 
дөңгелек орындық 
Реквизитке жауапты 
Дыбыстық режиссер 
Жарық беруші 
Сұрақ 68: АМАНДА МЕН ГЕРЦОГИНЯ
Режиссер сахнада әртістерді бөледі. Оның диаграммасында Аманданың 
орны «А» әрпімен, Герцогиняның орны «Г» әрпімен белгіленген. Төменде 
келтірілген сызбада Ханзада келген кезде, Аманда мен Герцогиняның болуы 
мүмкін жерлерде «А» және «Г» әріптерін қойыңыз. 
Бүйір декорациялар 
Бүйір декорациялар
Бүйір
декорациялар


51 
Сұрақ 69: АМАНДА МЕН ГЕРЦОГИНЯ
Пьесадағы осы фрагменттің соңына қарай Аманда былай деді: «Ол мені 
танымады...» Бұл нені білдіреді? 
A. Ханзада Амандаға қарамады. 
B. Ханзада Аманданың дүкенде сатушы екенін түсінбеді. 
C. Ханзада Аманданы бұрын кездестіргенін білмеді. 
D. Ханзада Аманданың Леокадияға ұқсайтынын байқамады. 
Сұрақ 70: АМАНДА МЕН ГЕРЦОГИНЯ
Герцогиня өз өтінішін неліктен басқаға емес, Амандаға айтты?
A. 
Өйткені ол «Резеда» дүкенінде сатушы болған соң. 
B. 
Өйткені ол Леокадияға қатты ұқсайтын болғандықтан. 
C. 
Өйткені ол жас қыз болған соң. 
D. 
Өйткені ол сұлу болғандықтан.


52 
№21-МӘТІН. ГРАФФИТИ 
Мектептің қабырғасын граффитиден арылту үшін тазартып, төртінші рет 
бояғандығын көргенде, менің бойымды ашу кернейді. Шығармашылық 
тамсануға тұрарлық, алайда адамдар қоғамды қосымша шығындарға 
батырмайтын өзін көрсетудің басқа жолдарын іздеуі тиіс.
Неліктен сіздер граффитиді тыйым салынған жерге салып, жастардың 
беделін бұзасыздар? Кәсіби суретшілер өз суреттерін көшеде іліп қоймайды, 
солай емес пе? Оның орнына олар қаржыландыруды іздейді және заңды 
көрмелерде атаққа ие болып жатады.
Менің ойымша, ғимараттар, қоршаулар мен саябақтардағы орындықтар 
өзінше бір өнер туындылары болып табылады. Ал енді бұл сәулет бұйымдары 
граффитимен бүлінген болса, бұл аса қуанатын жағдай емес, оның үстіне сурет 
салудың бұл түрі ауадағы озон қабатын бұзады. Шынымен де, мен осы 
«қылмыскер» суретшілер олардың «өнер туындыларын» баршаның назарынан 
қайта-қайта алып тастаған кезде неліктен абыржитындарын түсінбеймін.
Хельга  
Қандай да бір талғамға назар аудару деген жоқ. Қоғам хабарламалар мен 
жарнамаға толып кеткен. Компаниялардың логотиптері, дүкендердің аттары. 
Көшедегі үлкен, көңіл аударатын плакаттар. Оларды қолайлы деп ойлайсыз ба? 
Иә, көптеген жағдайларда. Ал граффити қолайлы ма? Кейбір адамдар «иә» деп 
жауап берсе, кейбіреулері «жоқ» дейді.
Граффитидің құнын кім төлейді? Ақыр аяғында жарнаманың құнын кім 
төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.
Билбордтарды орнатқан адамдар сіздің рұқсатыңызды сұрады ма? Жоқ. 
Граффитидің жасампаздары да солай істеуі керек пе? Мұның барлығы тек 
ақпаратты – сіздің атыңыз, бандалардың аттары және көшедегі үлкен өнер 
туындыларын берудің мәселесі ғана болып табылмайды ма?
Бірнеше жыл дүкендерде пайда болған жолақтар немесе торлы суреті бар 
киімдер туралы ойлаңызшы. Сондай-ақ шаңғы тебуге арналған киім. Үлгілері 
мен түстері суреттер салынған бетон қабырғалардан алынған. Осы үлгілер мен 
түстердің қабылданып, танылғандығының өзі таңқаларлық жағдай, алайда тура 
осы стильдегі граффити қорқынышты деп саналады. Өнер үшін қиын кезең.
София  
 
Жоғардағы екі хат ғаламтордан алынды және олардың екеуі де 
граффитиге қатысты. Граффити – бұл қабырғалар немесе тағы да бір 
жерлердегі заңсыз салынған суреттер мен жазбалар. Төмендегі сұрақтарға 
жауап беру үшін осы хаттардың мәтініне қараңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет