Инновация - жаңадан құру, жаңарту немесе жаңалық енгізу дегенді білдіреді.
Инструментализм - соған көпшілік теориялық түсініктердің, оның ішінде тұтастай ғылыми теориялардың да эмпирикалық мазмұны болмайтын және осы мағынасында объективтік элемнің сипаттамасы бола алмайтын философиялық-әдістемелік тұжырымдама. Сол себепті оларға объективтік шындық немесе жалғандық сипаттамасын қолдану тіпті мүмкін емес. Теориялық білімнің мақсаты мен құндылығы басқада-эмпирикалық білімді қалыптастырудың және, бәрінен бұрын, оның логикалық реттілігін құрудың жақсы кұралы болуда жатыр.
Индетерминизм - (от лат, in — емес жэне лат, determinare — анықтау) — себептілік байланыстың объективтілігін (онтологиялық индетерминизм) немесе ғылымдағы себептілік түсіндірудің (әдістемелік индетерминизм) танымдық мәнін жоққа шығаратын. Детерменизмге қарама-қарсы. Детерминизм себептіліктің объективті сипатын нығайтады индетерминизм септіліктің жалпыға ортақ сипатын теріске шығарады (үшқары формасында - себептілікті мүлде теріске шығарды).
Достарыңызбен бөлісу: |