Редукционизм - күрделі құбылыстар қарапайым құбылыстарға тән заңдылықтармен түсіндірілетін методологиялық принцип.
Релятивизм - танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың сапалық тұрақсыздығын, олардың әр түрлі жағдайлар мен ситуациялардан тәуелділігін абсолюттендіреді.
Рефлексия (лат. reflexio - кейін қайту, айналу) - философиялық ойлаудың түpi - субъектінің өзіне және өзіндік әрекеттерін қайта пайымдап, ой елегінен өткізуі. П.Тейяр де Шарденнің пікірі бойынша, адам рефлексияның негізінде жануарлар дүниесінен бөлініп, заттарды меңгерген сияқты өзіне де көңіл тоқтатып, бақылап, танып-білу дәрежесіне көтерілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |