М.Қ. ҒЫлым философиясы және тарихы барлық мамандықтары бойынша оқитын магистранттарға семинар сабақтарын және МӨож орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар Өскемен 2014



бет45/56
Дата03.01.2022
өлшемі0.73 Mb.
#451149
түріСеминар
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
История и философия науки. Методические указания

Санаттык апперцепция - Жаңа қабылдаудың оның алдындағы адамның өмірлік тәжірибесінен, сол мезгілдегі психикалық жағдайына тәуелділігі. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді.

Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білім мен дуниетанымына байланысты болып отырады.



Семантика - тіл білімі мен логиканың саласы, онда мәнмен, мағынамен және белгілер мен белгілік сөйлемдердің интерпретациясымен байланысты проблемалар зерттеледі.

Сенсуализм - таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.

Символ - материялдық заттардың, окиғалардың, сонымен қатар, сезімдік бейнелердің тікелей, сезімдік-денелік болмыстан өзгеше идеалдық мазмұнды білдіру қабілетін көрсететін ұғым.

Скептицизм (грек, skeptikos - қарастыратын, зерттейтін, сынайтын) - объективтік шындықты танудың мумкіндігіне күмән келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнен агностицизм және нигилизм туындайды. Скептицизм ecкi қоғамдық идеалдар құлдырап, жаңа қоғамдық көзұқарастар енді ғана қалыптасып келе жатқан коғамның даму кезеңдеріне тән сипат. Скептицизм тарихта б.з.б. 4 ғ. дуниені түсіндіру мақсатында түрлі философиялық қарсылас пайымдауларға тап болған, антикалық коғамның дағдарыс шағында пайда болды. Скептицизм Пирронның, Аркесилдің, Карнеадтыц, Энесидемнщ ілімдерінде кеңінен дамыды. Көпшілік қабылдаған дәлелденген білімнің мүмкіндігіне күмәндану антикалық скептицизмнің этикалық концепциясының өзегі болды. Скептицизм сонымен қатар, ортағасырлық діни дуниетаным мен догматтық идеологияны сынға алды. Монтеннің, Шарронның, Бейльдің еңбектерінде теологтардың аргументтеріне күмән келтіріліп, материалистік түсінікті игеруге бетбұрыстар жасалынды. Ал Паскаль, Юм, Кант және т.б. акылдың мүмкіндігін мүлдем шектеген болатын. Қaзipri философияда скептицизмнің міндетін позитивизм атқарып келеді.

Солипсизм (лат. solus - жалғыз, ipse - өзі) - объективті дүние тек адам мен адамның санасына тәуелді өмір сүреді деп қарастыратын субъективті идеалистік теория. Көрнекті өкілдері: Беркли, Фихте. Солипсизмнің гносеологиялық негізі сезінуді таным процесінің көзі ретінде қарастыруында. Солипсизмді «Материализм және эмпириокритицизм» атты еңбегінде Ленин сынға алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет