М. Ханафия, «Павлодар қаласының туберкулез жұқтырған балаларға арналған №22 санаторлық үлгідегі сәбилер бақшасы»



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата01.03.2024
өлшемі0.51 Mb.
#493894
1   2   3   4
article 302

Вестник Инновационного Евразийского университета. 2016. № 4 ISSN 1729-536X 97 
аралық. Оның пікірінше, акцентуацияланған жеке тұлғалар – олар науқас адамдар емес, олар өздеріне 
ғана тән индивидуалды ерекшеліктерге ие болған сау индивидтер. Бірақ психопаттерді акцентуанттардан 
немесе акцентуант еместерден бөліп көрсететін шекараларды қай жерде екенін К.Леонгард нақты жауап 
бермейді. Мінездің акцентуациялануы – адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез 
ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Мінездің 
акцентуацияланған типтері – әр түрлі жағдайлардағы адамның қылығын анықтайтын, мінездердің басқа 
қасиеттеріне қарағанда жетекші орын алатын және басқалардың жәрдемімен ерекше дамитын мінездің 
типтік қиылысқан көрсеткіші. Мінез акцентуациясы – психопатиялармен шектесіп, норманың шеткі 
варианттарын көрсететін белгілі бір мінез бітістері мен олардың үйлесімдерінің ерекше көрінісін 
білдіретін, К. Леонгардпен ұғым. Акцентуация (Мінезді қараңыз) басқа қасиеттерінен қандай да бір 
қасиеттің немесе белгінің бөлініп ерекше дамуы. Азды–көпті қалыптасқан акцентуация осымен өзің 
дамуын аяқтамайды. Тұлғаның өмір сүру барысында акцентуация өзгеруі мүмкін. 25–30 жаста 
психопатиялы адамдар психикалық тұрақтылық жағынан өзгереді, қалыпты жағдайда еңбек етіп, өзінің 
психикалық сау еместігін көрсетпеуі де мүмкін деп П. Б. Ганнушкин көрсеткен. 
Демонстративті (истероидты) (М) – бұл тип адамның зейін ортасында болғысы келгенде көрінеді, 
бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті 
және әлеуметтік ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән. 
Педантты (жоғары пунктуалды) (М) – өткенге көп уақыт бойы ренжу, түкке тұрмайтын 
жағдайларға маңызды көңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін ұстанушы, дәстүрді ұстанушы, 
тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип. 
Тұйықталған тип (М) – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал оның негізгі қыры – бұл 
жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа 
адамның өмірін қоюға дайын болады. 
Қозғыш тип (эпилептоидты ) (М) – өз әсерлерін, сөзін және мінез-құлқын күшпен басқарады. Аяқ 
асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта 
оралып, өш алуға бейім. 
Гипертимді тип (Т) – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-әрекетке деген құштарлық
айналасындағыларға әрдайын аса зейінді болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – 
болашақ гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас объективті 
жетістіктерге әрдайын шартталған емес. 
Дистимді тип (Т) – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы жақтарына көп көңіл бөледі. 
Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың 
одекватты емес кінә сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды. 
Қауіпті–қорқақ тип (Т) – қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес тапсырмаларымен байланысты болғанда 
да үнемі қауіпті сезінеді. 
Циклотимді тип (Т) – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін біріктіреді. Тұлғаның 
потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға әкеледі. Эмотивті тип (Т) – сезімдерімен өмір 
сүреді, барлық эмоционалды күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез 
қабылдайды. 
Аффективті–экзальтировты тип (Т) – нәзік және әсершіл адамдар, шындық өмірді иллюзорлы 
әлемге ауыстырады. 
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай 
алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық 
қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесі мен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни 
басқа адамдармен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен 
ерешеленеді. Әр адамның психикасымен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын 
көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі. «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте 
кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін 
бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара 
қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», – деп жауап береміз. Түрліше мінез 
иелері ұқсас жағдайларда әр түрлі әрекет етеді, күйзеледі [5, 62]. Егер біз келесі адамның мінезін жетік 
білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың 
тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері 
жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті 
орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет