М. Жұмабаев еңбектеріндегі педагогикалық психологияның өзекті мәселелері
Ғалымның психологиялық мұрасындағы ерекше орын алатын салалардың бірі – педагогиканың, яғни тәлім-тәрбиелік психология мәселелеріне арналған дүниелер. Психология ғылымының осы саласы XIX ғасырдың екінші жартысында алдымен Еуропа елдерінде, кейіннен АҚШ пен Ресейде дүниеге келді. Еуропа континентінде бұл мәселені алғаш қолға алған ағылшын, неміс, француз психологтары болды. Ал XIX ғасырдың аяқ кезінде психологияның осынау қолданбалы маңызын жұрттан бұрын көре білген АҚШ ғалымдары еді. Өйткені жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімділігі, оларды нәтижелі етіп оқытудың, яғни қоғамда билеп-төстеушілердің сойылын соғатын азаматтарды тәрбиелеу, оның жан дүниесін танып, білу жан ғылымдарының осы саланың еншісіне тиетін мәселелері еді.
Бала ана құрсағынан бастап есейгенге дейін қалай өсіп жетіледі? Сондай-ақ, мұны мектепте, тіпті мектепке дейін қалай сапалы оқытып, жақсылап тәрбиелеуге болады? Бұл мәселелерді сол кездегі психологтарды да көп толғантқан, қызықтырған болатын. Әсіресе, Америка психологиясының басы Стенли Холл (1846-1924) болып, кейіннен Гезель, Термен тағы басқалар да осы мәселенің ғылыми астарын қарастырды.
Кейіннен орыс психологиясына үлес қосқандар – аты әйгілі Л.С.Выготский мен Блонский, Добрынин мен Эльконин, Мухина мен Лисина, Обуховалар. Мұның теориялық жақтарының сомдалуына орыстың белгілі психолог-теоретиктері – А.Н.Леоньтев, А.А.Смирнов т.б. біраз еңбек сіңірді.
Енді осы мәселенің қазақ топырағындағы жағдайын сөз ететін болсақ, психологияның осы екі саласына қатысты жәйттерді алғаш бірінші көтерген М.Жұмабаев болатын. Әрине, М.Жұмабаевтан бұрын да сонау есте жоқ ерте заманның өзінде атақты жерлесіміз Әбу Насыр Әл-Фараби трактатарында да жасөсіпірімнің психологиялық ерекшеліктеріне, оларды оқытып, тәрбиелеудің мәселелеріне көп көңіл бөлінген болатын.
Қазақ топырағында кейіннен Бұқар жырау, Шал ақынның (XVII ғ.) толғауларында, ұлы ойшылымыз Ыбырай, Абай өлеңдері мен қара сөздеріне, қазақтың тәлім-тәрбиелік психологиясының алғашқы ірге тасы қалана бастаған болатын. Осы тақырыптың төңірегінде Ш.Құдайбердіұлының өлеңдері мен философиялық еңбектерінде көтерілген болатын. Мәселен, Ж.Аймауытұлы өзінің «Әділет заңы» еңбегінде тәлім-тәрбие иірімдеріне халықтық дәстүр, өнерлерге психологияның астарына үңіледі.
Ж.Аймауытұлы педогогикалық психологияға қатысты түйінді «ақылды адам көбіне отанның күзетшісі, қорғаны... тәрбиешіге Отанның келешек өмірі тапсырылды» деп жасайды. «Тәрбие жұмысы болашақтан-болашаққа жемісі үзілмей жалғаса беретін нұр. Әлемдік мәдениет пен халықтың рухани байлықтарының қоғамға, оның іс-әрекетіне қажетті тұстарын танып, таразылау пайдалы болмақ», деп қорытындылайды.
Қазақстанда сауатсыздықты жоюда Мағжан жазған, әлденеше рет ондаған тиражбен басылған «Сауатты бол!» оқулығы шешуші орын алды десек, асырып айтқандық болмайды. Ал, ақынның «Педагогика» кітабы, айтарға жоқ, қазақ баласын тәрбиелеуде күні бүгінге дейін мұғалім, жалпы қазақ қауымы үшін таптырмайтын үлгі/7/.
Кітап негізі он бес бөлімнен тұрады. Онда дене тәрбиесі мен рухани тәрбиенің (Мағжан «жан тәрбиесі» дейді) мәселесі жан- жақты және терең қамтылады. Еңбектің ғылыми сындарлы жүйемен, аты мен сөзі бос шығындалмай, үнемді, ұстамды жазылғаны сонша, бұл кітапты республика баспа ісінің жайы балаң кезде шыққан деп тіпті ойламайсың. Мағжан кітабының Орынборда шыққан нұсқасын М.Жолдыбаевтың «қазаққа «Педагогика» кітабы «Інжілдей», Мағжан азамат Иса пайғамбардай болды» деуінде үлкен мән бар. Өйткені бұл еңбек қажетті білімді салқын қанды қасаң тілмен жеткізетін әлдебір оқулықтардай емес-ті.
Ғылыми тіл абстрактылы, Мағжанша айтқанда жалаңаш тіл. Әрбір пайымдаудың астарынан автордың мінезін, сырын біле алмайсың. Ал мына кітаптан ақын жүрегінің дүрсілі құлаққа жетеді. Мағжанның қазақ баласының бесікке салып бөленуінен бастап, тәй-тәй басқан әрбір қадамына елжірей көз салуы, қайтсе ол нағыз жігіт, азамат болады, осы заманғы өркениет өресіне қол артады деп толғануы ғажап. Мұндай мейірбандыққы анасының баласына деген мейірбандығымен ғана салыстыра аласың. Даналық ешқашан өлмейді. Қайта апарып көмсең де, бір күні алтын секілді тот баспаған қалпында жарқ етіп шыға келеді. Мағжанның еңбектерінен осыны көруге болады.
Енді Мағжанның жалпы еңбегіне тоқталайық. «Адам қоғамдық тұлға. Сондықтан да ол өз жаратылысын қабілеті мен мүмкіндігін тек адам қоғамында басқалармен қатыныса үстінде ғана дамыта алады. Демек жеке адамның басқа адамдарға табиғатқа қатынасын оның қажеті мен қанағаттану тәсілдері – биологиялық жолмен қалыптасуы, қоғамдық болмыс, қоғамдық практикалық қызмет өзіндей адамдармен қатынасқа түсу арқылы қалыптасады.
Халықтық психология өзінің ұзаққа созылған тарихи қалыптасу жолында басынан өткен тағдырының санада сақталған бейнесі адам – «жаңашыл» жаңа үстіне жаңа тілейді. Жаңадан-жаңаға құмар келеді, Адам – әсемшіл, әсемнен әсем, сұлудан – сұлу таңдайды» дейді екен Мағжан. Мағжан Жұмабаев «тәрбиешіні» сөз басына қояды. Шынында да, оның өзіндік сыры бар ғой. Баланың өмірге келген күнінен, алғашқы минуттан бастап оқытпайды. Оны тәрбиелейді, бала өмірі тәрбилеуден басталады.
Осы арада Мағжан баланың отбасындағы қатынасқа түсетін адамдардан, олардың мінез-құлқынан үлгі алатындығын көрсетеді. Сондықтан, баланың айналасындағы адамдардың мінез-құлқы дұрыс, жағымды болуына айрықша маңыз береді. Баланың ізгі құлықты болуы үшін оның маңайындағы адамдар, ата-аналар, туған-туыстары ізгі құлықты болуы тиіс. Оның осы пікірі орыстың үлкен педагогы П.П.Блонскийдің «ата-ананы тәрбиелемей тұрып, баланы тәрбиелеу қиын» деген жолдарымен қабысады /8/.
«Жеке адамды қалыптастыруда баланы жасынан сапалы тәртіпке дағдыландыру, оны баланың күнделікті рухани қажетіне айналдыру психология үшін үлкен мәселе».
Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.
Мағжан Жұмабаев «тәрбие дегеніміз не?» деген сұраққа жауап бере отырып, «адам денеден және жаннан құралады. Сондықтан тәрбие – адам жанын азықтандырып, «адам» деген атқа шын мағынада лайық ету», дейді /9/.
Ол тәрбиені кең мағынадағы ұғым деп қараған. Мұнда ол осы күнге дейінгі біздер сияқты тек Еуропа, батыс жақтан шыққан тәрбие ғылымына еліктемей, шығыс халықтарының тәрбиеге көзқарасын қазақ халқының тәрбие туралы ой-пікірімен тоғыстырады. Мағжан «бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін. Немесе Иран мәтелі баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет». Араб мәтелі, тағы басқасын қолданған.
Мағжан Жұмабаев тәрбиенің мақсаты «адамды адамдардың ұлтын бүкіл адамзат қауымымен бақытты ету» дей отырып, жеке адамның бақытын ұлт, одан қалса бүкіл адамзаттың бақытты болуымен байланыстырады. Ол адам баласының тәрбиеге мұқтаждығыны айта келіп «бала тәрбиесі бір өнер, сондықтан ол жеке ғылым болуды тілейді» деп ой түйеді.
Бұл еңбегінде Мағжан Жұмабаев «тәрбие – дене тәрбиесі және жан тәрбиесінен құралады» дей отырып, баланың туған күнінен бастап тәрбиелеуде оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселеге тоқталады. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы, кейбір ата-ана бала тәрбиесінде болған салғырттықпен байланыстырып, маңызды кеңестер береді. Мәселен ол, «жын пері, жалмауыз кемпір, жын-шайтан секілді ертегілерді балаға айту мүлдем дұрыс емес, мұндай ертегілер баланы жасық қылады» деп қорытындылайды. Демек, Мағжан сол уақыттың өзінде жаман мысалдардан, қылықтардан сақтандырған.
Көшпелілер әулетінде ұлылар көп болған. Соның ішінде қазақ қауымының ішінде дара дана- Мағжан.«Даналарды ұғатын данышпандар болар» деген түсінік тегін айтылмаған. Ол кітап бойына Абайға бірнеше рет сүйенеді. Абайдың даралығын алғаш аңғартқан М.Жұмабаев пен А.Байтұрсынұлы.
Адам рухани әлемін негізі үш салаға жіктейді. «Бұлар: ақыл, көңіл (ішкі сезім) және қайрат. Енді бұл турасында Абай не дейді, содан кейін, қазақ данышпаны Абай», деп жазады Мағжан, «бұл үш топты ақыл, жүрек, қайрат деп атады. Біз бір заттылық яки көріністердің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды, белгіні табамыз. Бұл – ақыл, іс. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл ішкі сезімдер ісі. Біз бір істі істемекші боламыз. Бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл қайрат ісі»/10/
«Осы жерде Абайдың толық адам туралы ілімінің сандығының кілті ашылады. Толық адам болу үшін ақыл, жүрек (ішкі сезім) және қайрат арасында берік байлам бар екендігін есте ұстау керек. Біздің міндетіміз – адамдардың әрбір ісін осы үш топтың үшеуі бірдей қатынасатынын білу. Ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие етпесе, толық адам шықпайды».
Мағжан өз заманында білімді адамдар санатына қосылған. Дүниетаным жағынан ол негізінен материалистік көзқарасты ұстаған ағартушы, демократ.
Мағжанның зерттеушілік өнеріне тән нәрсе қолға алған тақырыбының тарихи, яғни теориялық бүге-шігесін барынша терең білдіретіндігінде. Бұған оның ойын, ұшқыр қиялы мен сезімін қосамыз.
Адамдардың көңіл-күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін- психология. Оның сыршылдығы мүмкін осыдан да болар. Оның өлеңдерін, қара сөзбен жазылған ғылыми еңбектерінде көреміз. Былай қарасаңыз, Мағжанның кейбір жазғандары ұсақ нәрсе сияқты. Ал оны жүрек, жан сезімі, ой арқылы өткізсеңіз – басқаша ойлайсыз. Жалпы біреулер Мағжанды «атеист» десе, енді береулері «діншіл» дейді. Шындығында, Мағжан дінді, оның тарихын жақсы білген. Жақсы-жаман жақтарымен етене таныс болған. Оған осы бөлімдегі «жан» туралы пайымдаулары мен басқа еңбектеріндегі дін туралы пікірлері дәлел. «Жанды ешкім көрмесе де, жанның бар екендігіне дау жоқ» деп жазады Мағжан.
Алайда, діндарлыққа салынып, «жанды» әлдебір құдіреттің, құдайдың ісі деп қараудан аулақ. Керісінше, жанның пайда болуын, оның бар жоқтығын материалистік, ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге тырасады. Осыған байланысты үш түрлі көзқарасқа Мағжан өзінше тоқталып, өз ойын білдіреді. «Алайда, - деп жазды М.Жұмабаев, - баланың жанын жақсы тәрбиелеу үшін, жанды көзбен көріп, қолмен ұстамай-ақ, оның істерін, көріністерін жақсы тексеру жетеді. Психология пәні міне осы үшін қажет».
Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.
Мағжан Жұмабаев «тәрбие дегеніміз не?» деген сұраққа жауап бере отырып, «адам денеден және жаннан құралады. Сондықтан тәрбие – адам жанын азықтандырып, «адам» деген атқа шын мағынада лайық ету», дейді /9/.
Ол тәрбиені кең мағынадағы ұғым деп қараған. Мұнда ол осы күнге дейінгі біздер сияқты тек Еуропа, батыс жақтан шыққан тәрбие ғылымына еліктемей, шығыс халықтарының тәрбиеге көзқарасын қазақ халқының тәрбие туралы ой-пікірімен тоғыстырады. Мағжан «бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін. Немесе Иран мәтелі баланы өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет». Араб мәтелі, тағы басқасын қолданған.
Мағжан Жұмабаев тәрбиенің мақсаты «адамды адамдардың ұлтын бүкіл адамзат қауымымен бақытты ету» дей отырып, жеке адамның бақытын ұлт, одан қалса бүкіл адамзаттың бақытты болуымен байланыстырады. Ол адам баласының тәрбиеге мұқтаждығыны айта келіп «бала тәрбиесі бір өнер, сондықтан ол жеке ғылым болуды тілейді» деп ой түйеді.
Бұл еңбегінде Мағжан Жұмабаев «тәрбие – дене тәрбиесі және жан тәрбиесінен құралады» дей отырып, баланың туған күнінен бастап тәрбиелеуде оның физиологиясы мен гигиенасына байланысты мәселеге тоқталады. Ұстаз бұлардың барлығын қазақ халқының өмірі, тұрмыс-жағдайы, кейбір ата-ана бала тәрбиесінде болған салғырттықпен байланыстырып, маңызды кеңестер береді. Мәселен ол, «жын пері, жалмауыз кемпір, жын-шайтан секілді ертегілерді балаға айту мүлдем дұрыс емес, мұндай ертегілер баланы жасық қылады» деп қорытындылайды. Демек, Мағжан сол уақыттың өзінде жаман мысалдардан, қылықтардан сақтандырған.
Мағжан өз еңбегінде психологияға ерекше мән береді, ол тәрбиешінің, ата-ананың басты парызы баланың жан дүниесін психикасын, оның дамуы мен өзгеруін жақсы білу деп санады. Бұл орайда баланың бүкіл өсу процесін байыптылықпен зерттеп, нерв жүйесін, оның дамуын, баланың сезім мүшелерінің атқаратын қызметі мен алатын орнын жеткілікті талдайды. Осының барысында оның бірқатар қорытындылары үлкен ой салды. Автор шамасы келгенше қазақ қанын қабыстыруға ұмтылды. Автор өзі көрсеткендей Рубинштейн, Скворцов, Смирнов т.б. ғалымдардың еңбектерін ой елегінен өткізіп, қазақ халқынының тұрмысына жақындастырып, ұлттық ерекшіктерімен лайықтастырған.
Достарыңызбен бөлісу: |