М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


Жұмыс сұйықтықтарын тандау



Pdf көрінісі
бет19/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

Жұмыс сұйықтықтарын тандау. 
Гидрожүйелерге 
арналған 
жұмыс 
сұйықтықтарын 
тандау 
гидрожүйедегі қысыммен, жұмыс температураларының ауқымымен, 
құрылымдық материалдармен, машиналарды пайдалану ерекшеліктерімен 
анықталады. Жұмыс температураларының ауқымы жұмыс сұйықтықтарының 
тұтқырлық сипаттамалары бойынша анықталады. Жоғары температура шегі 
шақтамалы ағу ысырабының ұлғаюымен, көлемдік ПӘК-ң төмендеуімен 
және жұмыс сұйықтық кілегейінің беріктігімен анықталады. 
Жұмыс сұйықтығының төменгі температура шегі жұмыс камералары 
толық толтырылған немесе сорғының сұйықтықты айдау шегімен 
сипатталатын сорғының жұмыс қаблеттілігімен анықталады. Жұмыс 
сұйықтығын төменгі температура жағдайында қолданған кезде гидрожетекті 
іске қоспастан бұрын жұмыс сұйықтығын алдын ала қыздыру керек. 
Гидрожетек температураның кең ауқымында жұмыс істегенде, жұмыс 
сұйықтықтарының жазғы және қысқы сорттарын пайдалану ұсынылады. 
Гидрожүйедегі жұмыс қысымы жұмыс сұйықтығының таңдауын 
анықтайтын маңызды көрсеткіші болып табылады. Сұйықтықтың ағу 
ысырабы қысым жоғарылаған кезде артады, сондықтан жоғары тұтқырлығы 
бар жұмыс сұйықтығын қолдану қажет. Бұл кезде, гидравликалық ысыраптар 
артады, гидрожетектің ПӘК-і төмендейді. 
Минералды майдың типін тандау. 
Гидрожетек үшін жауапты кезең гидрожүйені жобалау, монтаждау 
және кейінгі пайдалану кезінде минералды майдың түрін таңдау болып 
табылады, ол гидрожетектің жұмыс істеу сенімділігі мен тұрақты жұмысын 
анықтайтын белгілі бір уақыттағы әртүрлі өндірістік жағдайлардағы 
гидрожетектің жұмысқа жарамдылығына байланысты болады.  
Минералды майды тандау кезінде гидрожүйені пайдаланудың келесі 
көрсеткіштерін ескерген жөн: 
1) технологиялық жабдықтың атқарушы органдарының қозғалыс 
жылдамдығы мен гидрожүйеде сұйықтық қысымының мөлшері; 
2) қоршаған орта температурасының ауқымы; 


36 
3) сұйықтықтың 
максималды температурасы мен максималды 
температура кезіндегі тұрақты жұмысының ұзақтығы; 
4) жұмыс процесінде жұмыс сұйықтығымен жанасатын құрылымдық 
материалдардың сипаттамалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет