М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч


  2.11. Пневматикалық, гидравликалық және электрлік құралдар



Pdf көрінісі
бет26/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 


45 
2.11. Пневматикалық, гидравликалық және электрлік құралдар
Пневматикалық, гидравликалық және электрлік құралдар деп 
механикалық энергия көзінен жұмыс сұйықтық, сығылған ауа және электр 
тоғы арқылы беретін, технологиялық операцияларды жасауға арналған 
құралдар түсіндіріледі. Құралдардың функционалдық мақсаты - әртүрлі 
диаметрлі құбырларды майыстыру, кабельдер мен арматураны кесу, 
бөлшектерді нығыздап орнату және одан босату, бұрандалы қосылыстарды 
қатайту, жүктерді көтеру, түсіру, ұстау және тағы басқа. 
Мұндай құралдарға гидравликалық қайшылар, кабель кескіштер, 
гидравликалық домкрат, гидравликалық ажыратқыштар, қысқыш құралдар
пневматикалық атауыз, арматура кескіштер, электрлік гайкі бұрағыштар, 
бұрғылар, қол аралар, пневматикалық аралар, перфораторлар, пневматикалық 
тойтармалар, құбыр майыстырғыштар және т.б. жатады.[30] 
Гидравликалық домкрат - гидравликалық жетегі бар, жүкті кішкене 
биіктікке көтеруге, ілуге арналған тасымалдамалы құрал (сурет 2.13). 
Домкраттар құрылымдарды немесе жабдықтарды кішкене биіктікке 
көтеруге арналған, ақырын көтеріп және сол биіктікте оны ұстап тұруын 
қамтамасыз етеді.
Қосымша бекіткіш аспаптарды және құрылыстарды 
жүкпен бірге көтеріп орнықтыру қажет емес. Конструкциясының 
ықшамдылығы және қарапайымдылығы, кіші салмағы және бір орыннан 
келесі орынға тасымалдау ыңғайлығы, жинау, монтаждау және жөндеу 
жұмыстарды жасау кезінде жүк көтеру операцияларды орындау кеңінен 
таралған. Құрылымдық ерекшелігі және әрекет прнципі бойынша домкраттар 
төрткілдеш, бұрандалы және гидравликалық домкраттар болып бөлінеді. 
(сурет 2.13). 
 
Сурет 2.13. Гидравликалық домкрат 
Гидравликалық босатқыш гидроцилиндрмен әрекет жасайтын 
иінтірек арқылы құрылым элементтерін тартатын және босататын құрал. 
(2.14-сурет). 


46 
 
Сурет 2.14. Гидравликалық босатқыш 
Пневматикалық қысқыштар – өңдеу кезінде бөлшектерді қатаң бекітуге 
арналған құрал (сурет 2.15). 
 
Сурет 2.15. Пневматикалық қысқыш 
Электрлік гайкі бұраушы (сурет 2.16) автокөлік дөңгелегін 
монтаждауда, машина жасау саласында және болат құрылымды 
құрылыстарда бұранда қосылыстарында, бекіту жұмыстарына қолданатын 
құрал.[10] 
Сурет 2.16. Электрлік гайкі бұраушы 


47 
Электрлік перфоратор 

бұрғымен тесіктерді тесуге, жұмыс құралын 
айналдыру арқылы соққыны қамтамасыз ететін құрал (сурет 2.17). 
 
Сурет 2.17. Электрлік перфоратор 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет