М. К. Молдакулова, Т. В. Бедыч



Pdf көрінісі
бет27/73
Дата02.04.2024
өлшемі2.83 Mb.
#497358
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73
1.Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, реттеу және сынақтан өтк

 
Бақылау сұрақтары 
1. Гидравлика мен гидростатика нені білдіреді? 
2. Гидростатикалық қысым дегеніміз не? 
3. Көлемді сұйықтық шығынын қалай атайды? 
4. Гидравликалық жетектің энергия көзі дегеніміз не? 
5. Метрологиялық қамтамасыздандыруды қалай түсінуге болады? 
6. Жұмысшы сұйықтығы қысымын өлшеу құралы? 
7. Сұйықтық шығынын өлшеу тәсілдерін атаңыз? 
8. Гидрожетектің жұмыс істеу жарамдылығының негізгі критерийлері? 
9. Пневмогидравликалық жетектің артықшылығы? 


48 
3 - тарау. Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды реттеу 
және сынақтан өткізу жұмыстары 
 
3.1. Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды сынақтан 
өткізуді жоспарлап - ескерту бойынша жөндеу жұмыстары
 
 
Технологиялық 
жабдықтардың 
жұмыс 
істеуге 
жарамдылығы 
техникалық қызмет көрсету және жөндеудің алдын-алу жүйесімен 
қамтамасыз етіледі
Жөндеудің алдын алу мен қызмет көрсету жүйесі (PPR) жабдықты 
күту, қадағалау және жөндеу бойынша ұйымдастырушылық және 
техникалық шараларды қамту арқылы жоспарлы түрде жүзеге асырылады. 
Тозған бөлшектерді ауыстыру, реттеу және жөндеу үшін жабдықты 
уақытылы тоқтату машинаның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 
Машиналар әрі жабдықтардың апаттарының алдын алу үшін олардың 
техникалық жағдайы туралы үнемі ақпарат болу керек. Машиналар мен 
агрегаттардың жоспарланған жұмыс уақыты техникалық қызмет көрсетуді 
ұйымдастыруға және жөндеу өндірісінің ырғағына ықпал етеді. 
Жабдықты сынақтан өткізгеннен кейін белгілі бір уақыт өткеннен соң 
алдын алу тексерулер жүргізіледі, олардың ұзақтығы, жабдықтың 
конструкторлық және жөндеу ерекшеліктеріне, оларды пайдалану 
шарттарына байланысты болады. 
Жабдықты пайдалануда прогрессивті тозу мүмкіндігін болдырмау 
үшін бөлшектер мен тораптарды алдын-ала дайындауды, жөндеу 
жұмыстарын жоспарлауды және еңбек пен материалдық ресурсты 
қамтамасыз ету қажет. [16] PPR технологиялық жабдықтарының сипаттамасы 
келесі ерекшеліктерді қамтиды: 
1) жабдықты жөндеу жоспарлы түрде жұмыс істейтін жұмыс 
сағаттарының белгілі бір саны арқылы немесе күнтізбелік күндерде 
белгіленген жұмыс уақытына сәйкес жүзеге асырылады
2) жоспарлы жөндеу саны кезеңді түрде қайталанатын жөндеу циклін 
құрайды; 
3) белгілі бір уақытта келетін келесі жоспарланған жөндеуге дейін 
жабдықтың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету; әр жоспарлы мерзімді 
жөндеу жабдықтың жөндеу жұмыстарының алдындағы кезең жұмысының 
нәтижесі болып табылады, жабдықтың тозуы қалпына келтіріліп жүзеге 
асырылады; 
4) тозған бөлшектерді ауыстыруға дайындау үшін әр жабдықты 
кезеңмен техникалық бақылаудан өткізіп отыру керек, содан ұсақ ақаулар 
жойылып, тетіктерді реттеп, тазалау, майлау жүргізіледі. 
Жөндеу жұмыстарының көлемі мен күрделілігіне байланысты 
ағымдағы және күрделі жөндеу жоспарланады.[16] 
Апаттар мен бұзылулардың алдын алу үшін жабдықтың үнемі 
техникалық жарамдылығын және пайдалану дайындығында ұстау керек. 
Техникалық шарттарда және паспорттарда көрсетілген жабдықты пайдалану 


49 
ережелерінің орындалуын бақылау, жабдықтың техникалық жағдайын 
тексеру, ұсақ ақауларды болдырмау және дайындық жұмыстарының көлемін 
анықтау келесі жоспарлы жөндеу кезінде жүзеге асырылады. 
Жоспарланған жылға техникалық қызмет көрсету және жабдықты 
жөндеу санын есептеу формула бойынша анықталады: 
П
П
ПЛ
ф
TOP
K
T
H
H
K



/
)
(

(3.1) 
мұндағы 
ф
H
жоспарлап жөндеу жүргізілген жылдан бастап немесе 
пайдаланылғанынан бастап нақты іске қосылған жұмысы, с; 
ПЛ
H
 
жоспарлап есептелген жылдағы істелінген жұмысы, с; 
П
T
техникалық 
қызмет көрсету түрлеріне сәйкес жөндеудің орындалу кезеңі, с; 
П
K
– 
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезеңдерінің саны. 
Жоспарлап техникалық қызмет көрсету, ағымдық жөндеу, күрделі 
жөндеуді ТҚ бірізділік жүргізу келесі есептеулер арқылы жүргізіледі. 
Есептеуде толық алынған сан кіші жағына жуықталады. Жабдықты күрделі 
жөндеуден жылдағы өткізу айы мына формула бойынша анықталады: 
ПЛ
ФК
КР
H
H
T
K
/
)
(
12


,
(3.2) 
мұндағы 
КР
T
күрделі жөндеуді орындау кезеңі, с;
Н
ФК
 
алдыңғы күрделі 
жөндеуден өткен машинаның жұмысы немесе пайдаланылғаннан бастап 
келесі жоспарлы жылдың басталуына дейінгі жұмыс, с; 
Есептегенде егерде К >12 болатын болса, онда жабдықты күрделі 
жөндеуге жоспарламайды, келесі жылға шегеріледі. Жөндеу жұмыстарын 
жоспарлауды есептеу үшін оны жүргізудегі еңбек сыйымдылығын білу 
қажет. 
Жөндеу – бұйымның ақауын болдырмау, жабдықтарды, агрегаттар мен 
машиналарды реттеу мен сынақтан өткізу мақсатында жұмыс істеу 
жарамдылығын қалпына келтіру, пайдалану сипаттамасы мен бұйым 
ресурсының техникалық құжат деңгейінде техникалық ұйымдастыру 
шараларын біріктіріп кешенді жұмыстар жүргізу. 
Техникалық қызмет көрсету – машиналар мен жабдықтардың жұмысқа 
жарамдылығы немесе пайдаланылған кезден бастап ақаусыз жұмыс істеуі, 
сақталуы мен тасымалдануына бағытталған шаралар кешені. Жабдықтарға 
техникалық қызмет көрсету келесі процедураларды қамтиды: жұмыс 
тораптарын ластанудан тазалау, тетіктерінің жарамдылығын тексеру, 
бақылау және майлау-салқындатқыш жүйелер берілісін сұйықтықпен 
толтыру, ақауларын болдырмау. 
Реттеуші автоматтандырылған жабдыққа аралас қызмет көрсету 
арқылы орындаған ыңғайлы. Кішігірім реттеуді оператор орындайды, оның 
жұмысына дайындаманы қабылдау және жабдыққа орнықтыру, өңделген 
бөлшектерді алу, оперативті басқару, дер кезінде бұйымның сапасы мен 
дәлдігін бақылау, қажет болған жағдайда метал кесуші құралды ауыстыру, 


50 
сұйықтықтың майлау - салқындатқыш берілісін реттеу, жұмыс процесінде 
пайда болған жоңқаны алып тастау және т.б. 
Электр құрылғыларына күтім жасау шаң мен түрлі ластауыштарды 
алып тастауды, бұрандалы қосылыстардың сенімділігін тексеруді, 
аппараттардың қозғалмалы құрамдастар жүрісінің бірқалыптылығын 
бақылауды қарастырады және ай сайын орындалады. Тұрақты ток тізбегіне 
жататын ажыратқыштар контактілерінің полярлығы алты ай сайын 
ауыстырылады. [16] 
Жөндеу циклы деп жабдықты екі күрделі жөндеудің арасындағы 
немесе оны пайдалануға берілгеннен бастап бірінші күрделі жөндеуге дейінгі 
кезеңін атайды. Жөндеу циклы жөндеу аралық және қарап бақылау аралық 
кезеңдерден тұрады. Жөндеу аралық кезең деп кезекті жоспарлы жөндеулер 
арасында жабдықтың жұмыс істеу кезеңі айтады. Жөндеу аралық кезеңнің 
ұзақтығы келесі формула бойынша анықталады: 
1
/



м
ср
цикл
моп
Р
Р
Р
Д
,
(3.3) 
мұндағы
Р
цикл
– жөндеу циклы, сағат; Р
ср
– орташа жөндеудің саны; Р
м
 
шағын жөндеудің саны. 
Қарап бақылау аралық кезең деп жабдықтың екі кезекті қарау немесе 
жоспарлы жөндеу мен бақылап қарау арасында жұмыс істеу кезеңі аралығы. 
Қарап бақылау аралық кезеңнің ұзақтығы (Д
моп
) келесі формула бойынша 
анықталады: 
1
/




о
м
ср
цикл
моп
Р
Р
Р
Р
Д

(3.4) 
мұндағы Р
о 
 қарап бақылау саны.
Іс жүзінде қызмет көрсету мерзімі әлі басталмаған жұмыс жабдықтың 
барлық түзілімдерінде қаралады және жөнделеді. Бұл жөндеу аралық кезеңі 
жасанды қысқартуға алып келеді. Жөндеу жиілігін дұрыс таңдаудың үлкен 
экономикалық маңызы бар, бұл жөндеу жұмыстарына жұмсалатын 
шығындарды, жабдықтардың тоқтап тұру ұзақтығын, машиналардың 
өндірістік қуаты мен оларды пайдалануға жұмсалатын шығындарды 
анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет